-->

Алғашқы кездесудегі жыныстық қатынасқа ерлердің көзқарасы

#Секс

Алғашқы кездесу, әдетте, романтикаға толы болады: гүл шоқтары, мейрамхана, кино. Алайда, кейбір жұптар үшін бұл идилия жыныстық қатынаспен аяқталады. Бұл қаншалықты дұрыс? Ол туралы Comode еліміздің танымал азаматтарынан сұрады.

Алғашқы кездесудегі жыныстық қатынасқа ерлердің көзқарасы

Нұрсұлтан Ережепов

тележүргізуші

Бұл қазаққа мүлде жат, ұят нәрсе. Бұндай жыныстық қатынасқа үзілді-кесілді қарсымын. Мүлде қолдамаймын.

Нұрсұлтан Есжан

теле-радио жүргізушісі

Мен бұған қарсымын. Жыныстық қатынасқа үйленгеннен кейін ғана түсу керек. Бірақ, егер алғашқы кездесуде қыздың өзі "көзін қысып жатса", қарсы емеспін.

Еркебұлан Мырзабек

КВН ойыншысы

Алғашқы кездесудегі жыныстық қатынасқа қарсымын. Ондай менде ешқашан болған емес. Болмайды да. Сондықтан, қыздарға айтарым: маған бұндай ұсыныспен ешқашан келмеңдер.

Медет Көжекбаев

"Арай" тобының әншісі

Өз басым қарсымын. Бірақ, қыздарға мына нәрсені біле жүргін жөн: еркектерге көп жағдайда бәрібір. Қыз өзін ойлау керек. Алғашқы кездесуде ондай қадамға бармағаны жөн. 

Нұржан Еркінұлы

футбол комментаторы

Меніңше, алғашқы кездесуде жыныстық қатынасқа түсуді еркектер тек жас кезінде қолдайды. Есейе келе, оның өте қауіпті екенін түсінеді. Қазіргі қыздар жасынан үлкен болып көрінеді. Шын мәнінде ол 18-ге толмаған болуы да мүмкін. Түрлі жұқпалы аурулары да болуы мүмкін. Сондықтан, мен ондайға қарсымын.

#секс #төсек қатынасы #жыныстық қатынас #алғашқы кездесуден кейінгі секс

Читайте больше


Загрузка...