Картинка
Секс

Секс шопқа саяхат

Секс дүкенге аттап басқаннан бастап, эротикалық қиядл-ғажайып әлеміне тап боласыз. Қымсынбаңыз-ұялмаңыз, білмегеніңізді сұрап, кеңесші көмегіне жүгініңіз.

Біріншіден, эротикалық іш киімдерге көз салыңыз. Сексуалды емес, дәл эротикалық үлгісін таңдаңыз. Бұған омырауы ашық бюстгальтер, интимді тесігі бар шолақ дамбал (трусы), латекс пен теріден тігілген іш киімдерді кисеңіз ғашығыңызды қоздырып, түнгі ұйқысын қашырасыз. 

Секс шоптың тағы бір киімдер түрі деп рольді іш киімдерді атай аламыз. Еріңіздің алдына қылымсыған еркеназ медбике, ұялшақ қоян, мың бұралған мысық,  әйтпесе полиция қызметкері етіп киініп көріңізші, сіздің жаңа образыңыздан басы айналары сөзсіз.  Өзіңізді мүлдем басқа қырыңыздан көрініңіз. Ұтылмайсыз!

— Интим ойыншықтармен ойнап көріңіздерші. Бұл секске дейінгі немесе секс барысында қолдана аласыздар. Бір ойыншықты ғашығыңыз екеуіңіз де пайдаланыңыздар. Мәселен, вибрациялық сақиналар. Мұндай сақинаны еріңіздің  пенисіне жайлап, майлап, сипалап кигізіңіз. Бұл сақина оның пенисін  берік ұстайды. Ұрығының ерте шашылмауына көмектеседі. Эрекциясын жақсартып, жыныстық қатынастарыңызды ұзартады. Ал әйел қауымына бұл сақинамен клитор тұсына тигізіп те ойнауға болады. Клиторды жыбырлатып, қоздырып ерекше ләззат сыйлайды.

Анальды секспен айналысам деушілерге сулы немесе майлы жақпаны қолданғаны ләзім.  Секс шоптан сіз жақпа майдың ауыртпайтын және бұлшықеттерді босаңсытатын түрлерін табасыз. Мұнда вагиналды жақпа майлардың алуан түрі бар. Патша көңіліңіз қалаған хош иісті, суда еритін, силиконды, мирамистин қосылған жақпа майларды таңдаңыз. Мүмкін сіз еріңіздің пенисімен ойнағанды ұнататын шығарсыз. Оны сорып, жалап көргенде аузыңызда тәтті дәм қалсын қаласаңыз,  жеміс-жидектің дәмі бар майды  пениске жағып сорып көріңізші. "Ммм-неткен дәм, неткен ұзындық" деп көріңізші еріңіздің сіздің мақтау сөзіңізден кейін ләззаттан басы айналып, сіздің еріңіз емес құлыңызға айналады. Өйткені сіз оны төсекте бақытты етесіз. 

2-3 бала туған әйелдердің қынаптары созылып кетеді. Бұрынғы қалпына келтіру үшін вагиналды шарлар қолданып көріңіз. Ол қынап бұлшықеттерін қатайтуға арналған таптырмас құрал. Алғаш рет қолданушылар үшін диаметрі 3-4 см болатын пластик шарды таңдаған дұры. Ал кейін тәжірибе көбейген сайын шардың ауырлау түрін таңдасаңыз да болады. Онымен қолдану жайлы кеңестер ғаламтордан табасыз.

Ері уақытша жоқ нәзік жандарға қынаптық ынталандырушыны қолданып көру керек. Оның бірнеше түрі кездеседі. Тасбақа, орындық және айғұлақ тәріздісін таңдасаңыз өкінбейсіз.

— Фаллоимитатор әйелдің денсаулығы үшін қажет. Мысалы, күйеуіңіз ұзақ іссапарға кеткенде, оның көзіне шөп салудың қажеті жоқ. Сізге тек фаллоимитатор ғана керек. Ол сіздің сексуалдығыңыз бен сезімталдығыңызды сақтап қалуға көмектеседі.

Батыста отбасылы адамдар үшін үйінде резинадан жасалған пенисты қолданудың ұяттығы жоқ. 

Секс шопқа кірсеңіз көзіңізге алдымен алқызыл, қара, қоңыр, жылтырағы бар, ұзынды-қысқалы пенистер түседі. Тоқпен немесе батарейкамен істейтін, тура шынайы адам пенисы істпеттес түрлерін кездестіресіз. Ұнатқаныңызды алыңыз, қымсынбаңыз, үйде жуыну бөлмесінде немесе оңаша қалғанда қолданып көріңіз. Құдды бір ер адаммен жатқандай күйге бөленесіз. Шынайы ерден ерекшелігі - вибратордан венерологиялық ауруды жұқтыра алмайсыз, ол сіздің ғана иелегіңізде. Және қашан, қайда қолданамын десеңіз де өз еркіңізде! 

Ал жалғызбасты еркектер үшін силиконды қынап керек ақ. Бұл қынап сізден екіқабат болып қалмайды. Қашан да қасыңыздан табылатын қынаппен ой-қиялыңыздағы заттың бәрін жасай аласыз.

Отбасылы жандар! сіздер күлкілі кәдесыйларға назар салыңыз. Пенис түріндегі тарақ, қалам, аяғы бар мини қынап, омырау түріндегі шаш қыстырғышты ғашығыңызға сыйлап риза етуіңізге болады.

Бұл кереметтің бәрі дәріханада да сатылады, бірақ оған баруға қымсынсаңыз, секс шопқа барыңыз. Мұнда сізге түсіністікпен қарап, сатушы ақыл - кеңестерін аямайды. Дәріханада жоқ әр түрлі хош иісті мүшеқапты осы секс шоптан табасыз. 

Барған сапарларыңыз жайлы, кімге қандай сыйлық жасағаныңыз туралы бізбен бөлісе отырыңыз.