Күйеуіңнің көңілін таба аласыз ба?

Автор: ARU88
2700 0 Мужчина и женщина
Екінші жартыңды тауып, жақсы қарым қатынас орнаған кезде, оларды жоғалтып алудан қорқамыз. Сол үшін не істесек болады екен деген ойға кетіп, сақтанып жүретініміз рас. Иә, оларды қалай қорғаймыз? Қалай ұстап тұра аламыз?

Көптеген әйелдер ерлерін сақтап қалу үшін, түрлі айла амал ойлап табады. Біреуі секспен басын айналдырса, енді бірі дуаның арқасында жіпсіз матап қоятыны тағы бар. Алайда, нәзік жандылар үшін ең оңай, тиімді, сондай- ақ күйеуіңнің басқа қыздың жетегіне кетпейтіндей әдістерді ұсынып көрейік.

Жабысып жүруші болма. Арадағы байланысты үзіп алмау керек. Егер оның қасында тәулік бойы жүретін болсаң ол айтарлықтай жақсы нәрсе емес. Сондықтан сен жақын бол, бірақ жабысып мазасын алудың қажеті шамалы. Дистанция сақтай білу керек.

Достарының алдында қолдай біл. Қаншалықты қызығушылығың жоғары болса, соншалықты жақсы болады. Ортақ достар болып араласу нұр үстіне нұр болады. Себебі, екеуің де бірге отырып, үлкен ортада әңгіме дүкен құра аласыңдар.  


Оның досы бола біл. Қарым қатынас тек төсекпен шектелмейді. Сен жарыңа жақсы дос та бола білуге тиіссің. Ең сенімді, көмекке зәру кезінде қасынан табыла біл. Сонда ғана ол сенен ешқайда кете алмайды.  

Жақсы көретін дүниелеріне қызығушылық білдір. Қамқор болып, жағдайын жаса. Оның немен айналысып жүргенінен хабардар болып, не алаңдататынын байқап жүр.

Мейіріміңді төге біл. Жағымды хаттамалар жіберіп, болмаса ұйықтар алдында қайырлы түн тілеп, қамқор танытқаның дұрыс. Әрине, шектен тыс қысым көрсетуге де болмайды.

Еркектің махаббатына бөленіп, оны ұстай білу деген  ғылымды зерттеумен бірдей. Алайда, сол ердің жанында өзіңді бақытты сезінсең, ендеше батылдырақ бол!


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий