-->

Пісірмей дайындалатын тәтті тағамдар

#Рецепты

Барлығымыз да тәтті тағамдарды жегенді ұнатамыз. Алайда, көбіміз ол үшін пештің қасында тұрғымыз келмейді. Бұндай адамдар үшін Comode сайты тез дайындалып, пісіруді талап етпейтін тәтті тағамдардың рецептін дайындап берді. Астарың дәмді болсын!

Пісірмей дайындалатын тәтті тағамдар

 Шие қосылған торт

Қажетті заттар:

  • 500 г сүзбе
  • 500 г қаймақ
  • 500 г шие
  • 500 г қант
  • 200 г қант қосылған печенье
  • 100 г май
  • 50 г желатин
  • 1 қалташа шие тоңба

Дайындалу тәсілі:

  1. Желатинді 400 мл суға бұқтырып қойыңыз. Печеньені ұсақ қылып үгітіңіз.
  2. Майды ерітіп, үгітілген печеньеге қосыңыз. Пайда болған қоспадан шелпек нан сияқты шеңбер жасап, арнайы ыдысқа салыңыз.
  3. Шие тоңбасын қалташада жазылған тәсіл бойынша дайындаңыз. Ол суығанша тәтті крем жасаңыз. Крем жасау үшін қаймақты және сүзбені қантпен араластырыңыз. Одан кейін суыған тоңбаны қосып, тағы да араластырыңыз.
  4. Шиенің жартысын блендерге салып, езіңіз. Пайда болған езбені кремге қосып, араластырыңыз.
  5.  Шелпек нанның үстіне кремді құйып, тоңазытқышқа салыңыз.
  6. Дайын болған тортты тоңазытқыштан шығарып, қалған шиемен өрнектеңіз.

Лимоннан жасалған тәтті десерт

Қажетті заттар:

  • ¼ стақан ұсақталған грек жаңғағы
  • ½ стақан ұн
  • 1 ас қасық қоңыр қант
  • 4 ас қасық балқытылған сары май
  • 230 г кілегейлі ірімшік
  • 1 стақан қант ұнтағы
  • 230 г суытылған шайқалған кілегей
  • 100 г ұнтақталған лимон пудингі
  • 3 стақан сүт

Дайындалу тәсілі:

  1. 50 граммды 24 рөмкеге арналған.
  2. Грек жаңғағы, ұн, қант және балқытылған сары майды жақсылап араластырыңыз.
  3. Пайда болған қоспаны әрбір рөмкеге бір шай қасықтан салыңыз.
  4. Миксердің көмегімен кілегейлі ірімшік пен суытылған шайқалған кілегейді араластырыңыз. Ақырындап қант ұнтағын қосыңыз.
  5. Қоспаны рөмкілерге ортасынан асатындай қылып салыңыз.
  6. Пудинг жасауға арналған ұнтақты сүтпен араластырып, бұқтырып қойыңыз.
  7. Рөмкілерді басына дейін пудингпен толтырыңыз.
  8. Үстінен шайқалған кілегей қосып, грек жаңғақтарымен өрнектеңіз. Тоңазытқышта сақтаңыз.


Нәзік фадж

Қажетті заттар:

  • 180 г жұмсартылған тұзды сары май
  • ½ стақан қант қосылған қойытылған сүт
  • ¼ кесе қою кілегей
  • 2 шай қасық ваниль экстракты
  • ⅓ кесе қоңыр қант
  • 1¼ стақан ұн
  • 3 стақан қант ұнтағы
  • 1 кесе шоколад дәмі бар қытырлақ картоп

Дайындалу тәсілі:

  1. Жұмсартылған май, кілегей және қойытылған сүтті блендердің көмегімен араластырыңыз.  Ваниль қосып тағы араластырыңыз. Қант қосыңыз. Тағы да араластырыңыз. Одан кейін ұн және қант ұнтағын қоса бастаңыз. Ең соңында  шоколад дәмі бар қытырлақ картопты қосып араластырыңыз. 
  2. Өлшемі 9×9 болатын пішінге салыңыз.
  3. Тоңазытқышта 2 сағат сақтаңыз.

Шоколад және маскарпоне қосылған тәтті десерт

Қажетті заттар:

  • Печенье (талғамыңызға сай)
  • 250 г  маскарпоне ірімшігі
  • 200 мл жоғарғы майлылығы бар кілегей
  • 200 мл сүт
  • 100 мл суық кофе
  • 100 г қант ұнтағы
  • 1 шай қасық ваниль экстракты
  • кез-келген шоколад пастасы

Дайындалу тәсілі:

  1. Кілегейді миксермен жақсылап араластырыңыз.
  2. Оған маскарпоне, ваниль және қанттың жартысын қосыңыз. Біркелкі массаға дейін араластырыңыз. Биік бокал немесе креманканы дайындап қойыңыз.
  3. Суық кофені сүтпен және қантпен араластырыңыз.
  4. Бұл қоспаға печеньені 20-30 секундқа салыңыз. Одан кейін печеньені бокалға немесе креманкаға бір қабат етіп салыңыз. Үстін шоколад пастасының қабатымен жабыңыз. Қабаттарды тағы бір рет қайталаңыз. Үстін үгітілген шоколадпен өрнектеуге болады.  Дайын десертті тоңазытқышта сақтаңыз. 

 

Сүт қосылған трюфель

Қажетті заттар:

  • 6 ас қасық майсыздандырылған құрғақ сүт
  • 4 ас қасық какао ұнтағы
  • 2-3 ас қасық қант
  • 12 ас қасық сүт

Дайындалу тәсілі:

  1. Майсыздандырылған құрғақ сүтті какао ұнтағымен және қантпен араластырыңыз.
  2. Дайын болған қоңыр түрті қоспаға 12 ас қасық сүт қосыңыз.
  3. Қоспаны араластырып, силиконнан жасалған тақтайға жуандығы 2-3 мм болатындай тегістеңіз.
  4. Бұны 15 минутқа тоңазытқышқа салыңыз. Сол уақыт ішінде қоспа кішкене қату керек.  
  5. Тоңазытқыштан шығарып, төртбұрыштап кесіңіз. Әрбір төртбұрыштан домалатып трюфель жасаңыз. Трюфельдің әрқайсысын какао ұнтағына аунатыңыз. 

#десерт #тирамису #тәтті тағамдар #тез дайындалатын тағамдар #оңай рецепттер

Читайте больше


Загрузка...