Гүлденген сакура елі шақырады!

Автор: Aysulu
2367 0 Путешествия
Көктем мезгілі де таяп қалды. Көктемде күншығыс елі ерекше әдемі. Жабайы шиенің нәзік түсі еліктіре түседі – бұл Жапонияға барудың ең жақсы мезгілі

Гүлдеген сакураны қайдан көруге болады? Барлығы қарапайым ғана: ол Жапонияның кез келген бұрышында көзді қуантып тұрады. Гүлдеу маусымы қаңтардың аяғында, оңтүстік  Окинавадан басталады. Қазіргі елордасы Наха қаласында ақпан ортасында жабайы шие фестивалі өтеді. Токиода сакура наурыздың 20-сына таман гүлдейді, Осакада – 4-5 сәуірден кейін, ал Хоккайдода – тек мамырда ғана. Жыл сайынғы сакураны қызықтау рәсімінің атауы да бар екен – ол ханами деп аталады.

Ағаштардан 10-14 күн бойы гүлдер төгіліп тұрады, осы уақытта жергілікті тұрғындар мен саяхатшылар саябақтың ерекше көрінісінен ләззат алады. Жапондық офистерде сакураны қызықтау күндерін арнайы ұйымдастырып, саябаққа серуенге шығады екен. Ең әдемі жабайы шие ағашын көне қалалары– Киото, Камакура, Нарадан көруге болады. Дегенмен, Токиоға барсаңыз да жеткілікті – сеніңіз, мұнда да алар әсеріңіз ерекше болмақ. 

Токио

Күншығыс елінің бас қаласындағы гүлденген сакура – көктемгі саябақтардың негізгі әшекейі.  Мысалы, әйгілі Ueno саябағында 1000-ға жуық шие ағаштары бар. Бұл жерге тек ерекше сурет түсіру үшін ғана барып қоймайды. Императордың бұйрығы бойынша тұрғызылған саябақта бірнеше мұражай орналасқан. Жапон өнерінің Ұлттық мұражайы, Батыс елі өнерінің Ұлттық мұражайы, Токио көркем мұражайы, сонымен бірге табиғат пен ғылым мұражайы бар. Егер сіз Жапонияға бірінші рет әрі аз уақытқа келген болсаңыз, бірінші мұражайды ғана тамашалау жеткілікті.Гүлденген көріністі тамашалау үшін 58 га аумақты алып жатқан Shinjuku Gyoen саябағына барыңыз. Токиолықтар бұл жердің табиғат аясында қуана демалады, саяхатшылар да бұл дәстүрге бой үйреткен. Саябақ Синдзюку ауданында орналасқан. Бұл аумақты алып ғимараттар аймағы деп те атайды. Мұнда олардың саны 20-ға жуық. Оның бірінде токиолық мэрия орналасқан, ал 45-ші қабаттағы 202 м биіктікте, қаласаңыз,  тамашалау алаңы бар (дүйсенбі күні жабық). Кіруі тегін. Баруға кеңес береміз! Shinjuki темір жол бекетінің қасында ірі Odakyu және Keio универмагтары бар.

Токиода сакураны тамашалау үшін Kitanomaru-koen және Yoyogi-koen саябақтарына баруға болады.  Саяхатшыларға арналған тағы бір орын –Senso-ji қаланың ескі будда шіркеуі. Оның қасынан кәдесыйлар мен ұлттық тағамдар алуға болады.

Нара және Киото

Тағы бір назар аударуға лайық қала – Нара. Ежелгі қала өзінің 1300 жылдығын атап өтті. Нараға елдің әр аймағынан, Токиодан  (автобуспен) немесе Киотодан (пойызбен) болсын келу қиын емес. Тура кіре берісінен галет алыңыз – бұл жергілікті жануарлардың сүйікті асы. Саябақтан саяхатшылар еркіндікте серуендеген еліктерді тым жақыннан көреді. Сакура мен саябақтың ғажайып табиғатын тамашалау барысында мұндағы негізгі көңіл бөлерлік жерлерге – Тодай-дзи кешенді ежелгі будда ғибадатханасы (әлем бойынша ең ірі ағаш құрылысы), Көктем күні ғибадатханасына баруды ұмытпаңыз. Атауының өзі қызығуға лайық!

Нараға барсаңыз, Киотаға бару да ыңғайлы – бұл  мыңдаған ғибадатханасы бар әйгілі қала. Сакура гүлдеген кезде ол түрлі бояуға көмкеріледі. Император сарайы Госеге барыңыз – ол VIII ғасырда тұрғызылған, ұзақ уақыт император отбасының резиденциясы ретінде пайдаланылған, қазір толығымен саяхатшылар құзырында. Міндетті түрде Рокуон-дзиге барыңыз және ол жерден Кинакаку-дзи немесе Алтын павильон ғибадатханасын табыңыз. Оның күнмен  шағылысуы – сирек кездесетін әдемілік!

Камакура

Бұл кішігірім қала Тынық мұхиты жағалауында орналасқан, Токиодан оны 50 км бөліп тұр (ең ыңғайлысы әйгілі жапондық пойыздармен саяхат жасау). Мұнда көптеген ежелгі ескерткіштер сақталған, сондықтан Камакураны саяхат жоспарына жиі қосады. Сонымен, мұнда не көруге болады.

Сакураның гүлденген кезінде негізгі көрікті мекенге – Tsurugaoka Hachiman-gu ғибадатханасына баратын жол гүлді үңгіртауға ұқсайды. Екі жағынан 300-ге жуық шие ағашы отырғызылған. Ғибадатхананың өзі мыңдаған жылдар бұрын тұрғызылған және Жапонияның ұлттық игілігі болып саналады. Сонымен қатар, бұл – қаланың мәдени орталығы: мұнда көбінесе көрмелер мен мерекелер өтеді. Сәуірдің екінші жексенбісінде павильонда әйгілі сирабеси салттық биін тамашалауға болады.

Камакураның басты айшықты белгісі – әрине, бұл Kotoku-in ғибадатханасының маңында орналасқан Үлкен Будда мүсіні. Оған  орман ішіндегі жалғыз аяқ жол апарады, кейбір жерлерінде биік өрлері мен түсетін жерлері бар (мұқият жапондықтар арнайы баспалдақ орналастырып қойған екен). Мүсінді көру үшін 300 теңгеге жуық ақша төлейсіз, ал арзан бағаға ішіне де кіруге болады. Үлкен Будда биіктігі – 11 м-ге жуық, салмағы 125 тонна және ол қоладан жасалған. Мүсінді ХIII ғасырда жапондық бір тайпаның күштілігін білдіру мақсатында тұрғызған екен. 


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий