Регистрация
Вход с паролем
Если у вас еще нет учетной записи на Comode.kz – зарегистрируйтесь прямо сейчас!
Логин или электронная почта
Пароль
Забыли пароль?
Вход через социальные сети
Регистрация
Все поля обязательны для заполнения
Имя пользователя
Электронная почта
Пароль
Регистрация через социальные сети
Восстановление пароля
Ссылка для восстановления пароля будет отправлена на ваш e-mail.
Имя или электронная почта
Отмена
Регистрируйтесь и добавляйте статьи в избранное, подписывайтесь на обсуждения, комментируйте

5-жұлдызды қонақ үй қандай болу керек?

Автор: Aina Dosmakhambet
1288 0
5-жұлдызды қонақ үй деген ұғымды естімеген адам жоқ шығар. Не екенін біле-білемес, әйтеуір "уау" дейміз. Ал сол бес жұлдыз қонақ үйге не үшін беріледі? Төрт жұлдыздан айырмашылығы неде? Ондай қонақ үйді өзгелерден қалай ажыратуға болады? Оны біз сіздерге Shangri-La отельдер желісін мысалға ала отырып түсіндіріп көрейік.

Әдетте, адамдар қонақ үйдің сапасы оған берілетін жұлдыздар санымен анықталады деп ойлайды. Бұл қате тұжырым. Шын мәнінде, жұлдыздар санын анықтайтын бірегей дүниежүзілік стандарт жоқ. Сол себептен екі 5-жұлдызды қонақ үй сапа жағынан бір-біріне мүлде ұқсамауы мүмкін. Еуропа елдерінде қонақ үйге жұлдыз беруді арнай коммисия шешетін болса, Азия елдерінде әр қонақ үй өзіне өзі жұлдыз бере алады. Әрине, бұл бағалау әр елдің заңды түрде тіркелген шарттарына байланысты жүзеге асырылады. Алайда, бәріне ортақ шарттар бар.

Бір жұлдызды қонақ үй. Әдетте бұл бөлек тұрған кішігірім ғимарат. Бөлмелері бір типті. Әр бөлмеде төсек, шкаф, үстел, айна, орындық, т.б. болуы шарт. Сонымен қатар қонақтарға  сабын және сүлгі беріледі, бірақ олар күнделікте ауыстырылып тұрмайды. Бөлменің ішінде әжетхана мен душ болмауы мүмкін. Телевизор және телефон не бөлмеде, не холлда ғана орналасады. Ресепшн түнде жұмыс істемейді.

Екі жұлдызды қонақ үй. Бұндай қонақ үйдің бір жұлдыздыдан айырмашылығы көп емес. Әдетте, бұл 2-4 қабатты ғимараттар. Қонақтардың жүгін көтеретін лифт болуы міндетті. Одан басқа кішігірім асхана немесе түрлі ішімдіктер ұсынатын бар болуы мүмкін. Сүлгі мен төсек жиі ауыстырылмайды. 

Үш жұлдызды қонақ үй. Үш жұлдызды қонақ үйге қойылатын басты шарт - әр бөлменің жеке әжетханасы және душ/ваннасы болады. Бұндай қонақ үйлердің басым көпшілігінде бөлмелер салқындатқышпен жабдықталған. Сүлгіні күнделікті ауыстырып тұрады, ал төсек аптасына екі рет ауысады. Қонақ үйдің территориясында бассей, мейрамхана, бизнес және фитнес-орталықтар орналасуы мүмкін. Бірнеше типті бөлмелері бар.

Төрт жұлдызды қонақ үйлер. Бөлмелер күнделікті жиналады. Сүлгі мен төсек күн сайын ауысытырылады. Әр бөлмеде фен, салқындатқыш, телефон, телевизор, сейф, мини-бар, сусабын, душқа арналған гель болады. Қонақ үйде бір немесе бірнеше мейрамхана, бассейн, фитнес-орталықтары бар. Тіркеу залы үлкен, бөлек орналасқан қызмет көрсету орталықтар қарастырылған. Қонақтардың көліктерін орналастыратын тұрақ болу мүмкін. Ресепшн 24 сағат бойы жұмыс істемесе де, телефон арқылы әрқашан байланыста болу керек.

Бес жұлдызды қонақ үйлер. Ресепшн, швейцар және қол жүгіңізді бөлмеге дейін жеткізетін қызмет 24 сағат бойы жұмыс істейді. Қонақ үй қызметкерлері бірнеше тілде еркін сөйлейді. Қонақ үйде бір немесе бірнеше конференц зал, түрлі тағамдарды ұсынатын бірнеше мейремхана, фитнес-орталықтар, балалар орталықтары, бірнеше бассейн болады. Территориясы гольф алаңдармен жабдықталуы мүмкін. 

Алайда, бес жұлдызды қонақ үйдің басты ерекшелігі - әрбір қонаққа деген ерекше қарым-қатынас және қызмет көрсету. Қонақ үй қызметкерлері тұрғындардың көңілін таба білу керек. Сонымен қатар қызмет көрсету жалықтырмайтын, тіпті білінбейтін деңгейде болғаны шарт.

Бөлме күніне кем дегенде бір рет жиналады. Shangri-La's Hambantota Resort & Spa отелінің қызметкерлері тіпті түнде төсегіңізді ұйқыға дайындап кетеді. 

Бес жұлдызды қонақ үйдің вестибюлі кең және қымбат жиһазбен жабдықталған болады. Кең вестибюлі жоқ қонақ үй 5 жұлдызға ие бола алмайды. Жалпы қымбат немесе дизайнерлік  жиһазбен әр бөлме жабдықталуы мүмкін. Shangri-La's Hambantota Resort & Spa қонақ үйінде ондай жиһаздар көп. Әсіресе президенттік бөлмеде. Айтпақшы, бөлмелердің типін таңдау мүмкіндігін былай қойғанда, қонақ үй өз қонақтарын екіге бөліп орналастырады: оң жақ қанатта отбасылы адамдар, ал сол жақ қанатта шаңырақ көтергемен не болмаса, балалы болып үлгермеген қонақтар орналасады. 

Бөлмесінде отыра бергенді қаламайтын қонақтардың да жағдайы қарастырылған. Қонақ үйдің аймағында неше түрлі отырғыштар, гамактар, дивандар көп. Айтпақшы, бос жатпай, СПА процедураларын қабылдауды ұмытпаңыз. Бір сағаттық массаж барысында кәдімгідей серігіп қаласыз. 

Бес жұлдызды қонақ үйлер әр адамның талғамын қанағаттандыратындай тағам ұсынуы қажет. Сол себептен, олардың аймағында әдетте бірнеше мейрамханалары болады. Біле жүрсеңіз, дүние жүзі бойынша көптеген қонақ үйлер тұру құнына тек таңғы асты ғана қосады. Түскі ас пен кешкі асқа бөлек төлеу керек. Сондықтан, Түркия елінің all inclusive жүйесіне үйреніп қалған адамдарда 5-жұлдызды қонақ үйлердің барлығында ас ішу тегін деген жалған тұжырым қалыптасады.

Стоит почитать

Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий
популярные статьи