Ақбоз атты ханзадасын күткен арулар

Автор: Жанар Мырзабаева
797 0 Правда или сплетня
Ақ көйлек. Қымбат мейрамхана. Əдемі той. Неке жүзігі. Ең бастысы, арқасүйер асыл азамат. Мұны кез-келген ару армандайды. Алайда, қиялдағы ақбоз атты ханзаданы өмірде қашан жəне қалай кездестіру - ол тағдырдың ісі. Ендеше, тағдырдың тосын "сюрпризін" күтіп жүрген, басы бос аруларға шолу жасайық.

Әсел Садуақасова «Дауыс International» тобының экс-әншісі. Кей көрермен оны ең алғаш рет «Саранча» телехикаясындағы Райхан деп  таныды. Бүгінде әншіліктен бас тартып, продюсер атанып жүрген ару қос бірдей жоғарғы оқу орынды тәмамдаған – журналистика және психология. Әнші, актриса, продюсер, тележүргізуші секілді өнердің барлық тармақтарын біріктірген бойжеткен 1985 жылдың 31-қаңтарында дүниеге келген. Күні кеше 33 жасқа толған Әселдің әзірге басы бос.

Соңғы кездері жартылай жалаңаш түскен фотосуреттерімен ғаламторды шулатып жүрген Кәмшаттың да басы бос. KeshYou тобы арқылы танылған сылқым қазір жеке әнші әрі тележүргізуші ретінде өнерін шыңдауда. Айтпақшы, Ақтау қаласының тумасы Жолдыбаева қаңтардың 28-інші жұлдызында отызға толды.

Баян бағын жаққан тағы бір бойжеткеннің басы бос. Ол – Жанар Дұғалова. Дұғалова бұған дейін Берік Айтжановпен де, Тәуекел Мүсіліммен де сүйісіп фильмге түскен болатын. Өзін сынаған көпшілікке «өнер үшін жаным пида» деп қысқа жауап берген-ді. «Turkvizion-2014» байқауында көк туымызды көкке көтерген Жанар 1987 жылы дүниеге келген.

«Брат или брак» кинокартинасының продюсері, әрі басты рөлін сомдаған актриса Құралай Анарбекова да әзірге өмірлік жартысын кездестірмеді. «Мыңбала» фильмі арқылы танылған арудың жасы қазір 29-да. Ал, сүйіктісін кездестірген кезде фильмдегідей «бракты» таңдай ма, «браттың» көңіліне қарай ма? Бұл уақыттың еншісінде.

«Жеке өмірім – ол менің жеке өмірім» деп үнемі жабулы қазанды жабулы қалдыратын Мақпал Исабекова да бұл тізімнен табылды. «Super Star KZ» жобасындағы жүзді жарып шыққан Жаркенттің аруы 21-ші ақпан күні 34 жасқа толады.

Жасы келсе де, ұзатылуға асықпайтын арулардың қатарында «Асылдың» Анары, Байбосыновалардың Гүлбаһрамы, және, сахна саңылақтарына айналған сұлулардың бетін сәндеп жүрген Санди Бексырға секілді бір топ сұлулар бар. Өнерде жолы болған арулардың жеке өмірде  бағын ашатын азаматтары 2018 жылы кездессін деп тілейміз.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий