Рульде ұйықтап кетпеу үшін

Автор: Aysulu
1581 2
Ұйқысы келсе де көлікті жүргізе беретін жүргізуші өзіне және айналасындағы көліктерге үлкен қауіп төндіреді. Сол үшін көлік айдап келе жатып ұйқы қысқанда көмектесетін кеңестерді ұсынамыз.

Қатты шаршап, жолда ұйқыңыз келсе, көлігіңізді жол шетіне тоқтатып қойып, аздап демалып алыңыз. Өзіңізге тым артық салмақ түсірмей, денсаулығыңызға мән беріңіз. Ұзақ жолға шығарда құрамында кофеині бар сусындар ішіңіз. Кофені үлкен ыдысқа дайындап, суытып, арнайы ыдысқа құйып, көлігіңізге салып жүріңіз. 

Қасыңызда жолаушыңыз болса, оның сізбен сөйлесіп отырғанын өтініңіз. Әр түрлі әңгіме адамның ойын бөліп, жол қысқара түседі.

Әрбір жүріп өткен 200 шақырым жолдан кейін міндетті түрде далаға шығып бой жазып алыңыз. Таза ауамен тыныстаңыз. Аздап жаттығулар жасаңыз. Алдағы межеге маужырамай жетіп алатын күш жинап алыңыз.

Ұзақ жолға шығарда ұнайтын авторлардың таспаға жазылған аудио кітаптар сатып алсаңыз да жақсы көмектеседі. Осындай сәтте оқуға уақыт таппай жүрген кітаптың мазмұнымен танысасыз.

Жолға шығарда өзіңізбен бірге жейтін тағамдар да салып алыңыз. Мұндайда дәмі өткір, қышқыл кәмпиттің де ұйқыңызды ашуға ықпалы тиеді. Сондай-ақ пісте де жолда ұйықтап кетпеуіңізге жақсы көмектеседі.


Комментарии 2
Shyn

наверно чаще нужно ролики всякие крутить. Меня, помнится, потрясло: "тебе повезло, ты умер сразу". Мороз по коже, ужас.

Анэль

Айсұлу, айтқа бұйырмаңыз, алайда дұрысы "рульде" емес, "рөлде".

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий