-->

Дәруменді шырындар

#Здоровое питание

Көкөніс шырындарының ағзамызға қандай пайда әкелетінін біріміз білсек, біріміз білмейміз.

Дәруменді шырындар

Ананастың құрамында бромелайн бар. Ол майды ерітетін қасиеті бар. Дәрігерлер ананас шырынын бүйрек пен ангина ауруларында ішуге кеңес береді. Ананас асқорыту жүйесін де жақсартып, терідегі дақтарды жоюға көмектеседі. Ананас шырынында А дәрумені, бета-каротин,  РР, С, В тобындағы дәрумендер, калий, натрий, кальций, магний, фосфор, темір бар.

Жүзім шырыны қатерлі ісік жасушаларының санын азайтуға көмектеседі. Құрамында А мен С дәрумендері, В1-В2, көмірқышқыл, органикалық қышқылдар, калий, кальций, магний және марганец бар. Қара түсті жүзімнің шырыны жүрек ауруларының алдын алады. Ашық түсті жүзімде темір көп. Ол адамның шаршағанын басып, күш-жігерін толтырады. Гастрит, асқазан жарасы бар, әрі қант диабетімен ауыратын адамдаға бұл шырынды ішуге болмайды. Бұл шырынды үнемі ішетін адамның ағзасында холестерин деңгейі төмендеп, қаны ұйымайды.

Сәбізде бета каротин көп. Ол көздің көру  қабілетін жақсартады. Сәбіздің құрамындағы В тобының дәрумендері теріні жақсартып, иммунитетті көтереді. Алайда, сәбізді шырынды аптасына 2-3 реттен артық ішпеген жөн. Бета каротиннің көптігі бауырға артық салмақ түсіреді әрі терінің сарғыш тартуына себепкер.

Алма шырынының құрамында С дәрумені, фосфор, темір, калий тұзы, магний,  цинк,  органикалық қышқыл бар. Қанның қорын толтырып, бүйректегі тасты ерітеді. Дәрумен қорын толтыратын жемістің бірі - алма. Гастрит пен панкреатит ауруларына қарсы көрсетілімі бар.

Орамжапырақ шырынында С, РР дәрумендері, фолий мен амин қышқылдары, калий, кальций, натрий, магний, темір бар. Сондай-ақ, құрамындағы йод, күкірт және хлор асқазанның шырышты қабаты мен асқорыту жүйесін тазартады.Теріні тазартып, артық салмақ тастауға көмектеседі.

Қызанақ шырыны жүрек-қан тамыр ауруына пайдалы, асқорыту жүйесін жақсартады. Пастерленген қызанақ шырынында барлық пайдалы қасиеттері сақталады. Құрамындағы С дәрумені, каротин мен В тобындағы дәрумендер бар. Қызанақ ісік ауруларын болдырмайды. Шырындағы серотонин адамға қуаныш сыйлайды,  күйзелістен кейін ағзаны қалпына келтіреді.  Қызанақ шырынның әйелдердің жүктілік кезінде пайдасы мол. 

 Антиоксидантқа мол анар шырыны ағзаға оңай сіңіп, асқазан жұмысын жақсартады. Антиоксидант – ісік, жүрек-қан тамырлары ауруларын болдырмайды, қартаюды баяулатады.

Асқабақ шырыны жүрек-қан тамырлары, бауыр ауруында, ұйқы қашқанда мың да бір ем. Құрамындағы А, К, В, С, Е, D, РР дәрумендері ағазадағы зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Сондай ақ асқабақта цинк, минералды тұздар, ақуыз бен майлар, темір бар.  Асқазанында жарасы бар адамдарға қарсы көрсетілген.

Жасыл жемістердің шырындары (қияр, сельдерей, бұрыш) қанның құрамындағы қанттың деңгейін реттеп отырады, бауырды тазалап, ісік ауруымен күреседі. Жүйке жүйесін нығайтып, есте сақтау қабілетін жақсартады.

Қияр шырыны қызыл иектің қанауын тоқтатады.Беттегі безеуді емдейді. Шаш пен тырнаққа да пайдалы.

#здоровье #полезное #денсаулық #шырын #соки #натуральные #свежевыжатые #организм #алма #яблоко #апельсин #қияр #жүзім #виноград #асқабақ #тыква #витамин #дәрумен #томатный сок #помидор #капуста #орамжапырақ

Загрузка...