Зивара: 8 маусымда «Асыл жарыма» арнап ән жинақ шығарамын

Автор: aisha007
3242 3 Новости
Әнші, сәнгер Зивара халықты алғашқы ән жинағымен қуантпақ. Сондай-ақ өмірдегі Зивара қандай, арманы не? Құпия қыр-сыры бар ма? Осы жөнінде біздің Comode.kz сайтымен бөлісуді жөн көріпті.

Қытай асханасын, құрт-құмырсқа жейтіндерді түсінбейтін әнші Зивара өмірде өте ашық, ақжарқын жан екенін байқатты. Кез келген адаммен тіл табысып кете алатын  ол  келешекте 2 ұл, 2 қыздың анасы атанғысы келетінін айтады.  Түсінде үнемі ұшып жүретін өнер иесі шын өмірде биіктіктен қорқады екен.

Зивара: Биыл 8 маусымда «Асыл жарыма» атты алғашқы жеке ән жинағым шығады. Жинағымның тұсаукесерін қазақы нақышпен тауда, табиғат аясында киіз үйде өткізгім келеді.  Қонағыма  арақ-шарап емес, қымыз-шұбат ұсынып, көңілді кеш өткізсем деймін.  Альбомға  халық әндері, махаббат лирикалық әндер кіреді. Жинақ шыққан соң Маңғыстау өлкесіне  гастрольдік сапармен барып келсем деген жоспар да бар.

  • Зивара; Киімімде ұлттық нақыш басым
  • Зивара: көңілдің сәті түскенде суретке түсемін
  • Сахналық әріптесім Серікбол Сайлаубек

ОТБАСЫМ

Үйдің үлкені болған соң, жастайымнан ас үй шаруасына кірісіп, тамақ пісіруді ерте үйрендім. Әсіресе қуырдақ, мантым таңдай қақтырады. Етті де дәмді қылып асамын. Ата-анам үнемі жұмыста болған соң, бауырларыма дәмді тағам істеп, көңілдерін аулайтынмын.

Өзім 1983 жылы 8 маусымда Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында тудым. Отбасымызда жетеуміз: 4 ұл, 3 қыз.  Өнерде жүрген мен және биші сіңлім Гүлнәр ғана. Бейнебаяндарымда мың бұралған биші қыз осы сіңлім.  Анам Амангүл 49 жаста. Мамандығы заңгер, әкем Мұрат 55 жаста, мұнай саласында қызмет етеді. Мектепте  ұйқышыл болдым, үнемі сабақтан кешігіп жүретінмін. Сахнаға алғаш рет 8-сыныпта ресейлік әнші Наталидің «Облака» әнімен шыққанмын.  Жаныма шығыс стиліндегі және  үнді әндері  жақын. Алтынай Жорабаева, Ақбота Керімбекова, Гауһар Қаспақованың әндерін тыңдап өстім.

Мен жалған сөйлегендерді жек көремін, одан өзгесінің бәрін кешіруге болады. Мейірімділікті, шындықты және ақжүрек адамдарды ұнатамын.

Егер мен тағам болсам..  өзімді қызанаққа ұқсатар едім. Өйткені мен қызанақ секілді жұмсақ әрі шырындымын.

Сусын болсам.. Сүтті шай болушы едім.

Лотереядан 20 млн. ұтып алсам.. Алдымен туған туысыма қажетті заттарын сыйлап, ал қалғанын балалар үйіне аударар едім. Хадисте де өзіңнен артылып тұрса ғана өзгеге көмектес, сонда ғана сауабы тиеді деп айтылған.

Кинода ... Клеопатра, үнді әйелдерін ойнаушы едім. Жаныма кинодан гөрі мультфильмдер жақын. Құрбыларым мені «Спанч боб», тіпті Патрик деп те атайды. 

Алғашқы жалақыма - 500 долларға ұялы телефон сатып алдым.

Өз мінезіме уақытылы келуді, нақтылықты, үнемі екі ойлы боп жүремін, сол себепті біржақты шешімді тез табу қасиеттерін қосар едім.

Өзім жайлы бірер сөз

Мен адалмын, ашықпын, мейірімдімін, ақкөңілдігім де бар.  Кейде осы ашық мінезімнен опық  та жеп жүремін. Үй шаруасына жоқпын. Үйім жиналмаса да киімім жинақы.  Киім тіккенді, сахна көйлектерімді өз қолыммен  безендіргенді жақсы көремін. Киімді брендіне, сәніне  қарап таңдамаймын. Денеме жарасып, ыңғайлы болып тұрса, ол киімнің бағасына қарамай сатып аламын.   

5 жылдан  кейін ...  өзімді Ана және сахнада өзіндік орны бар әнші ретінде көремін.

Фототүсірілім интерьерін ұсынғаны үшін "Меланж" мейрамханасына алғыс білдіреміз

Мекенжайы;  5 ықш., 12А үйі,  Абай  даңғ-нан төмен (Алтынсарин к-нің қиылысы)

    +7 (727) 303-77-77        ұялы тел: +7(701)555-51-99    +7 (777) 555-51-99

    e-mail:     melange-melange@mail.ru

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 3
БИБАТИМА

Асыл жары ким екен Зиваранын, неде болса асыга кутемиз, восточная тема зивара осы жолы несимен куантатынын кореикши, суреттерин адеми шыгыпты, бирак арктау керек саган
диета сакта

жадырра

мен унеми осы жерде тамак ишемин, бирак Зивараны кормеппин
кашан тустиниз, келетин кунди айтып койшы мен де келеин ,екеумиз суретке тусеик сосын

gauhartas

Зивара Назарбаева

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий