Жүргеновтың жұлдыздары диплом алды

Автор: ARU88
1725 0 Новости
Әрбір жылдың жаз айында төртінші курстың студенттері қолдарына диплом алып, белгілі маман иесі болып шығады. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында білім алған біршама өнер иелері биыл да көк, әрі қызыл қағаздарын алып, қуанышты жаңалықтарымен бөлісті.

Бүгінде «Жау жүрек мың бала» атты кинотуындымен танылып үлгерген Асылхан Төлепов пен Аян Өтегенов төрт жыл оқыған еңбегінің арқасында дипломдарын алып, елден сүйінші сұрады.

Сондай-ақ олардың қатарында Асылханның ағасы актер Артур Төлепов те бар. Лұқпан Жолдасовтың қызы Фарида мен Бердібек Құлғараев, Дильназ Ахмадиева да өнертану мамандығы бойынша оқу орнын тәмамдап магистрант атанды.

Алдағы уақытта еліміздің жарқын жұлдыздары атанып, биік белестерден көріне беруіне шын жүректен тілектеспіз.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий