Жанар Дұғалова Астана жұлдызы жүлдесін сатып алды ма?

Автор: ARU88
3728 1 Новости
«Астана жұлдызы» музыкалық бәйгенің орын алғанына 3-4 күн өтсе де, жұрттың арасында дау-дамай тоқтай қойған жоқ. Олардың ойынша бір номинацияға түскен Қарақат, Дильназ Ахмадиева мен Жанар Дұғалованың арасындағы болған сайыс әділетсіз өтіпті.

«Шоу бизнес – саясат» деп бастаған кейбір ғаламтордағы оқырмандар Жанардың бір емес, екі бірдей жүлдені сатып алғанын алға тартты. Жанардың беделін көтеру үшін ұйымдастырылып, продюсері Баян Есентаева сатып алды дегенді кесіп айтты.

Сахна төрінде он бес жылдай өнер көрсетіп келе жатқан әнші Қарақат лайықты деп шулаған көпшілік оның желідегі парақшасына пікірлерін қалдырды. Мұны көрген Қыдырәлінің жары тыңдармандарына «Астана Жұлдызы» мен үшін жұлқынып кірісетіндей байқау емес.

Бұл тек жұлдыздардың бас қосып жиналатын салтанатты кеші деп жауап берді. Сондықтан айтарымыз, әр әншінің өз орны бар. Бастысы халық таңдау жасап, дауыс берді. Қазақ әнішлері жасасын!

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 1
bazuka

Қарақаттың соңғы бір жылда жаңадан ән жаздырып, теледидарда ротация жасағанын естіген жоқпын. Демек Жанар мен Дильназдың біреуі алуы керек еді. Жанар алды.

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий