Ұзақ үзілістен кейін Қайрат Түнтеков алғашқы бейнебаян түсірді

Автор: Comode
1311 0 Новости
Екі жылдай үндемеген Қайрат эстрадаға қайта оралған сияқты. Жоқ әлде, бұл шоу бизнестегі әріптесін қолдауға бағытталған қадам ба?

Бейнебаян "Тоқтама" атты әнге түсірілген. Алайда, бұл Қайраттың емес, бейнебаянда белсенді ән айтып, реп оқып, сол стильде билеп жүрген Алмас есімді әншінің туындысы сияқты. Мүмкін, Қайрат бейнебаянға салмақ беру үшін арнайы шақырылған болар?

Салмақ демекші, бейнебаянды тамашалағын Қайраттың жанкүйерлері екі топқа бөлінді. Біреулері, әдеттегідей, оны жақтап жатса, екінші топ даттап жатыр: Қайрат тым семіз болып кетті дейді. Шын мәнінде де, бұл бейнебаянда көрермендер Қайратты жаңа, есейген образда көреді.

Алмасқа келетін болсақ, ол әнші туралы ақпарат жоқтың қасы. Эстрадаға келмес бұрын ол КВН ойындарына қатысып, бизнес кеңесшісі болғаны мәлім.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий