Қыдырәлі мен Қарақат Бекболаттың жетістігін ғаламтордан білген

#Новости

Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғышы Бекболат Болманов елімізде алғаш рет зияткерлік коэффиценті жоғары адамдарға арнап ашылған IQ Kazakhstan ұйымының бас координаторы атанды. Бұл туралы барлық төртінші билік өкілдері мен жұлдызды ата-ана жарыса жазды.

Қыдырәлі мен Қарақат Бекболаттың жетістігін ғаламтордан білген

IQ Start интеллектуалды тестілеуде 400 адамның ішінен озық шығып, үздік жетіліктің ішіне кірген Бекболат жаңа іске білек түріп кіріспек. Ұлдарының мұндай жетістігі туралы жұлдызды ата-ана ғаламтор арқылы естіпті.

«Расында, Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы деген соң бүкіл жетістіктеріне біздің ықпалымыз бар деп ойлайды. Бір қызығы, біздің ықпалымыз тұрмақ, еш хабарымыз да жоқ. тіпті, мұндай жаңалықтарын бізге өзі де айтпайды. Оқуда, қоғамдық істерде белсенді, бірақ атқарып жүрген шаруаларын уақытынан бұрын жариялауды, сөзі ісінің алдына түскенін қаламайтын жан екенін біліп, марқайып қалам», - деп ағынан жарылды өз парақшасында көпбалалы ана.

Жұлдызды ата-ананың атағы мен танымалдылығына ешқашан арқа сүйемейтін Бекболат спортқа бейім. Бокс пен футбол десе ішкен асын жерге қоятын ақылды ұл болашақта өзінің бизнеске деген шеберлігін де көпшілікке паш етпек. Ол туралы бақытты әке: «Ұлым енді балам ғана емес, сырлас досыма, көмекшіме, үмітіме айналатын кез келді. қосымша «сетевой маркетингпен» де айналыспақшы». Тұңғышының ниетіне жұлдызды әке қарсы емес. Өйткені, оның өмірлік ұстанымы: «Балаңа балық аулап берме, қармақ беріп, аулауды үйрет» деген керемет түрік мақалы екен.

#Қарақат Әбілдина #Бекболат Болманов #қыдырәлі болманов #Қыдырәлі мен Қарақат

Загрузка...