Сәкен Майғазиевтің үшінші қызы дүниеге келді

#Новости

«Музарт» тобының әншілерінің әр қуанышы – халықтың қуанышы. Мұны топ мүшелері де жақсы біледі. Сол себепті үнемі жігіттер де бақытқа толы сәттерін инстапарақшалары арқылы алғаш болып бөлісіп, сүйінші сұрап отырады. Кезекті сүйіншіні топтың салмақты серісі Сәкен сұрады.

«Әр қазағым жалғызым» дейтін Сәкен Майғазиевтің үшінші қызы дүниеге келді. Алайда, бақытты әке сүйінші жаңалығын «мен әке атандым» деп жеткізбеді. «АЛЛАҺ - ұлық. Сүйінші.Әділетімнің үш қарындасы бар. Шексіз шүкірліктер мен сансыз мақтаулар бір АЛЛАға болсын. Әр шаңыраққа осындай бақыт тілеймін» деп жазды өз парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Сәкен мен Динара ханымның тұңғыштарының есімі Әділет. 1998 жылы дүниеге келген ұлын әнші үнемі мақтан тұтады. «Ұлымның ойлауы мен өмірлік көзқарасы өзгеше. Кейде «Әке, сіз өнер қайраткерісіз бе, әлде қоғам қайраткерісіз бе?! Осы бір ісіңіз дұрыс емес сияқты. Қалай ойлайсыз?» деп көңіліме тимейтіндей етіп, жылы сөзбен бағыт сілтеп отырады. Ұлыммен кез – келген тақырыпта ашық сөйлесе аламын. Ол менің ізбасарым. Отбасымның менен кейінгі қамқоршысы, қамалы» деп ағынан жарылды.

Иә, Майғазиевтер отбасы Әділеттен кейінгі қуанышты 14 жыл күтті. Тағдырына ризашылық білдіріп,  сабырлық танытқан жұп 2013 жылдың оразасында қызды болды. Қасиетті айда дүниеге келген еркесінің есімін Раяна деп қойды.

Үш жылдан соң, яғни 2016 жылдың қаңтарында Сәкен мен Динара екінші рет қызды болды. Тәтті балапанның есімін азан шақырып, Мәриям деп атады.

Ал, мамырдың 31-інде жұлдыздың шаңырағындағы үшінші ару дүниеге келді. Әзірге ана мен сәби перзентханада. Әділеттің үшінші қарындасының салмағы мен бойы, есімі мен перзентханадан шығатын күнін жұлдызды отбасы құпия ұстауды жөн көрген. Comode Майғазиевтер әулетін тағы да шын жүректен құттықтайды. Кішкентайыңыздың бауы берік болсын,  Сәкен сері!

#Сәкен Майғазиев #Сәкен балалармен #Сәкен әке атанды #Сәкен қызды болды #Әділет Майғазиев #Сәкен мен Динара #Сәкен отбасымен

Загрузка...