Сәкен Майғазиев: оркестрдің сүйемелдеуімен ән шырқаған ұнады

Автор: Comode
1352 0 Новости
Сакен Майғазиев өз тыңдармандарына жаңа қырынын танылмақшы. Халықтың сүйікті әншісі кино әлеміне қадам басып, "Құстар әні" атты фильмінде алғашқы рөлін сомдауда. Сәкен ағаның бұл бастамасы қалай өтіп жатқанны оның Comodе редакциясына берген сұхбатынан білесіздер.

- Сәкен аға, киноға түсіп жатыр екенсіз. Ол қандай фильм, режиссері кім?

- Фильм қазақтың әйгілі күйші-сазгері, дирижер, дәулескер домбырашы Нұрғиса Тілендиев туралы. Режиссері есімі көпшілікке таныс Рашид-Адай Сүлейменов. Туынды  «Құстар әні» деп аталады. Менікі енді ауыз толтырып айтарлықтай басты рөл болмаса да, аталмыш фильмге қатысып, кішігірім эпизодқа түскеніме қуаныштымын.

- Маған берген сұхбаттарында дарынды актер, марқұм Қасым Жәкібаев "Кіші актер болуы мүмкін, бірақ кіші рөл болмайды" дегенді жиі айтушы еді. Сондықтан, рөліңіз туралы айтып беріңізші...

- Осы уақытқа дейін «Отырар сазы» оркестрінде көптеген солисттер жұмыс жасаған. Олардың қатарында жезтаңдай әнші Майгүл Қазтұрғанова, Нұрғали Нүсіпжановтар бар. Менің түсінуімше, мен сол кездегі әншілердің тұтас бір образын сомдаймын. Кинодағы есімім Нұрәлі. Екі қазақтың басы қосыла қалса шырқай жөнелетін Нұр ағаның "Құстар әнін" білмейтін  қазақ жоқ шығар. Фильмде де осы бір әйгілі әнді орындаймын.   

- Аталмыш рөлге қалай шақырылдыңыз? Кастингке барып па едіңіз?

- Иә, кастингке фильмнің композиторы, өңдеуші Ринат Әубәкіровтың шақыртуымен бардым.

- Түсірілім барысында қандай да бір қиындықтар, қызықтар болса айтып беріңізші...

- Актерлік және режиссерлік құрамды жақсы танығандықтан түсірілім жеңіл өтті, ешқандай қиындық туындаған жоқ. Оның үстіне, әнші болғандықтан сомдаған рөлім де өзіме жақын болды. Оркестрдің сүйемелдеуімен ән шырқаған тіптен ұнады. Фильмге түсіп жатқан кезде бір сәтке болса да Нұрғиса, Нұрғали ағаларымыздың дәуірінде болып қайтқандай керемет әсерде болдым.    

- Қазіргі отандық фильмдерді бақылап жүресіз бе? Қай режиссерлардың жұмыстары көбірек ұнайды?

- Осыдан 3-4 жыл бұрынға қарағанда отандық туындылар көптеп түсіріліп, жақсы фильмдер жарыққа шығып, картиналарымыз талай халықаралық, әлемдік байқаулардан, фестивальдерден жүлделі орындар алып келіп жатыр. Оған әрине қуаныштымыз. Дегенмен, әлі де үйренетініміз көп.   

Cұхбаттасқан Ай-Керім Самалбекқызы

Суреттер Сакен Майғазиевтың жеке мұрағатынан


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий