Сәкен Майғазиев:
"Менің заңсыз балаларым көп"

Автор: Жанар Мырзабаева
3114 0 Новости
Қазақ өнерінің қаймағы Сәкен Майғазиев жас пен кәріге үлгі. Оның әр айтқан сөзі мен іс-әрекеті қырағы көрермен үшін заң секілді. Көпшілік оны мінсіз әрі адал көреді. Ал, Сәкен сері алғаш рет Comode тілшісіне өзінің «заңсыз» балалары туралы сыр ашты.

Сәкен аға, әңгіме әлқисасын шығармашылық жаңалықтардан бастасақ...

Жаңалықтарым - әнсапарлар. Бұл жәйтты жаңалық ретінде айтып отырғаным «МузАртсыз» жеке алғашқы әнсапарымды бастаймын. «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» атты ән кешімді аймақтар да сұраған себепті осы ән сапар жоспарланды. 23-мамырға дейін бір қатар қалаларда ән сапар жалғасады. Кеше ғана Петропавлда өтті. Келген көрерменге ерекше ықыласы мен қошеметі үшін алғыс айтамын.

Санаулы күндерден соң оқу маусымы аяқталады. "SMАрт" мектебі бұл оқу жылын қалай тәмамдады? Қандай жетістік, қуаныштарыңыз бар?

Алла жазса 7-маусым күні есеп беру кешін өткізеді. Қанша бала қандай конкурсқа барды, қандай жетістіктер мен жеңістерім бар, барлығын айтатын боламыз. Шүкір, жетпіске жуық өрендеріміз жақсы биіктерді бағындырып жатыр. Есеп беру кешімізге міндетті түрде шақырып, қуанышымызбен бөлісеміз.

Алла қаласа, жүрегіңіздің ішіндегі жүрегіңіздің айы-күні жетіп отыр. Алла қаласа, кімді күтіп жүрсіздер: тігін тігер ме, әлде атқа мінер ме?

Төртінші перзентімізді УЗИ қыз деп айтты. Қалай болғанда да Алла салиқалы, қайырлы перзент етсін. Аман-есен дүниеге келіп, құлынымызды иіскеп, махаббатымызға бөлесек арманымыз жоқ. Бізге ненің жақсырақ екенін, не керек және қай нәрсенің қайырлы екенін Жаратушымыз жақсырақ біледі. Сондықтан, ұл берсе де, қыз берсе де менен бақытты әке жоқ.

Жалпы кіндік әке-шеше туралы не айтар едіңіз? Өзіңіздің балажан екеніңізді жақсы білеміз. Қанша кіндік балаңыз бар?

Негізі кіндік шеше деген болады, кіндік әке деген қазақта жоқ ұғым. Кіндігін кескен адамды кіндік шеше деп айтады. Бірақ, кейіннен өкіл әке, өкіл шеше деген түсінік қалыптасты. Ол арадағы қарым-қатынасты нығайту, жақындату мақсатында ата-ана өз баласына өкіл ата-ана сайлайды. Менің үлкен ұлым біз студент болып жүргенімізде дүниеге келді. Бауыржан Айгүл деген аға-жеңгемді дәу папа, дәу мама деп атап, солардың баласы болып өсті. Сол туған ағам мен жеңгемнің көзінше Динара екеуміз ұлымызды еміреніп сүйіп, еркелетуге ұялатынбыз. Раяна қызымыздың өкіл ата-анасы – Жетісайлық Артықбай ағамыз бен Қаршыға жеңгеміз. Әдейі сол жеңгеміз сияқты ашық мінезді, жайдары, берекелі жан болсын деп ниеттеніп сайладым. Екінші қызымыз Мариямның өкіл әке-шешесі – Серікзат Дүйсенғазин мен жұбайы Айнұр. Жан дүниелері мен көңілдері сондай таза, адалдығымен, кең пейілімен ортамыздан ойып тұрып орын алған достарымызға ұқсап бақытты болсын деп ниет еттік. Ал өзіміз осы уақытқа дейін біраз балаға өкіл әке болып үлгердік. Ешқашан санаған емеспін. Тіпті достарым: «Сәкен, қанша заңсыз балаң бар?» - деп қалжыңдап жатады. Аллаға шүкір, «заңсыз» балам көп. Осындай мәртебеге ие етіп жатқан олардың ата-аналарына үлкен алғыс. Кемшіліктерімізді жасырып, дәрежемізді өсіріп қойған Аллаға сансыз мақтаулар болсын. Ол да болса үлкен жауапкершілік. Ертең сол балалар бізге қарап бой түзейді. Сол балапандар мен олардың ата-аналарының сенімін ақтауға Алла жәрдемші болсын. Барлық өкіл балам бірдей жақын, әрқайсысы ерекше.

Жиі тұсаукесер рәсіміне шақырады. Арнайы гонорар немесе төлемқы сұрайсыз ба?

Өнердегі әріптестерден Аша мен Арманның қыздарының тұсауын кестім, Айдана қарындасым (Меденова) екінші ұлымыздың тұсауын Сізге кестірсек деп ниеттеніп жүрміз деп алдын ала тапсырыс беріп қойып жатыр. Ата-анасы менің бойымнан жақсылық көріп, баласының тұсауын кестіруге ниетті болып тұрса, мұндай жақсылыққа мен қалай ақы сұрайын. Көп жағдайда «құр қолға бата жүрмейді»,- деп шапанын жауып, кейбірі кітап сыйлап, сағат тағып, ақшалай сый беріп құрметтеп жатады. Ондай сәтте «тойдан тобықтай» деп қолдарын қайтармаймыз.

Тұсау кесуімді өтініп жататын жағдайлар өте көп. Концертте, тойда сұрап жатады. Кейде көмекшіме хабарласып өтініш білдіреді. Орайы мен сәті түскен, ерекше ықыласпен ниеттеніп, Алла бұйыртқан кісілердің үйіне де барып тұсау кескен кездер болды. Бірде бір ауылдан қарындасымыз хабарласып, осындай өтініш айтыпты. Жол түсіп, өтінішті орындайтынымызды айттық. Сол күні тағы туған күні де екен, туыстарды, ауылдастарды шақырып, күйеуіне «Сәкен Майғазиев келеді кешке» десе сенбей «Тұрсынбек жүргізеді еще» деп қойсаңшы деп қалжың көріпті. Шынымен барғанымызды көргенде жиналғандардың барлығы риза болып, мәре-сәре болды. Мен әр қазақтың жүзінен қуаныш көру – үлкен бақыт.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий