Серік Ибрагимов жаңа образда

Автор: ARU88
2404 0 Новости
Үнемі ырғақты, көңілді ән салатын Серік Ибрагимовты жаңа образда көретін боламыз. Саксофонын қолынан тастамай, әндетіп жүретін әншінің үшінші бейнебаяны жақында жарық көретін болады.

Инстаграм желісінде әншінің продюсері Алтынбек мырза, Серіктің «Кел маған» туындысына клип түсіріп жатқанын жариялады. Әннің авторы той-бизнестің патшасы, ақын  Төреғали Төрәлі жазып беріпті.

Бейнебаянның режиссері, «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан. Бәрімізге белгілі болғандай, Ерболат соңғы уақыттар өнер иелерінің, оның ішінде «Лашын», Камшат Жолдыбава сынды жұлдыздардың жұмысын жарыққа шығарып жүрген бірден бір режиссер.

Продюсерінің айтуынша, сюжет желісінде Серік басқа образда суреттелетін болады. Әдеттегідей, біз әншінің көңілді, ырғақты әндеріне құлағымыз үйреніп қалғаны рас. Десе де жаңа жұмыстың бағасын қыркүйек айында беретін боласыздар!

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий