"Сәбина келіннің шынайы оқиғасы" биыл күзде

Автор: aisha007
1882 3 Новости
Нұртас Адамбаев сомдаған Сәбина келіннің шынайы оқиғасы көрерменге күзде жол тартады.

Атақты әзілші Нұртас Адамбаев Сәбина келіні жайлы толықметражды фильм түсірді. "Сәбина келіннің шынайы оқиғасы" биыл күзде жарық көреді.  

Бұл фильм Қазақстанның атақты келіні Сәбина Қарсыбаеваның оқиғасы неден басталғанын баяндайды.  Бұл фильмде Сәбинаны қалай алып қашты, оның өмірі, ауылдан  қашып кету амалдары, қызығы мен шыжығы мол ауыл өмірі көрсетіледі. 

"Сәбина келіннің шынайы оқиғасы" Алматы облысында, шілде айының басында   түсіріліп бітті.  Басты рөлде Нұртас Адамбаев. Қосымша рөлдерде Алматы театрының актерлары өнерін көрсетеді.

Нұртас Адамбаев: "Меніңше, бұл оқиға жастармен қатар аға буын өкілдеріне де қызық болады.  Біз өз жобаларымызды үнемі үлкен-кішісі аралас көрерменге арнап түсіруді көздейміз.   Адамдардың  біздің жобамыз туралы ой-пікірлерін біліп отырамыз. Бақылаймыз. Көрермен біздің бағдарламаға қызыға қарап,  көңіл көтерсе, бұл біздің еңбегіміздің жемісі деп білеміз. Біз үшін басты назарда біздің халықтың менталитеті қалады.


 

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 3
nasty_girl

прикольный такой! молодец
думаю будет интересно обычно я смотрю наша казаша
вот именно про сабину он прикольно придумал

aisha007

Онтустиктин келиндерине жакын такырып кой)) олар суйсинип карау керек.казир осы алып кашу бар ма екен али? ( шымкенттен баска)

nasty_girl

оййй у нас есть в Мангистау, но все ровно не так в те 90е года даже2000 года щас люди якоды культурнее стали

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий