Сахнадағы достар

Автор: aisha007
3375 0 Новости
Инстаграмда бірге селфи жасап жүрген жұлдыздар жетерлік. Осыдан ақ кім кімді ұнататынын, сыйлайтынын бағамдауға болатын секілді.

Селфиге түскенді  жақсы көретін әншілердің бірі Аша Матай. Ол өнердегі әріптестерімен бірге сұлулана,наздана суретке түсуге шебер. Мақпалдың жаңа образы сіздердің көңіліңізден шыға ма? Мақпал Исабекованы ешкім сынамауы үшін оған не істеуі керек деп ойлайсыз?

"Арнау" тобы өнерде бірге жүруімен қатар өмірде де дос секілді. Олардың Insta парақшасында бірге түскен суреттері жетерлік. Өнерде серіктестік өмірде жалғасын тапса құба құп.

"Вузеры" сериалының актерларының осы бір суреті маған қатты ұнады. Сериал жастарға арналғанымен, көтерген мәселері бүгінгі заманға лайықты тақырыптар. Ал мынадай комедиялық актерларының арқасында бұл сериалдың көрермендері көбейетін секілді.

"Қыздар мен жігіттер" әнінің орындаушылары Қайрат Баекенов пен Маржан Арапбаевалар да суретке бірге жиі түседі. Баратындары бір концерт, шырқайтын жері бір сахна.


Әнші Луина мен оның продюсері Жомарт Сүлейменов осы күзде жаңа жоба дайындап жатқан көрінеді. Кубалық әнші мен Африкалық өнер иесін қосып жаңа топты қалың жұртшылық назарына ұсынбақшы. 

Сіздердің достарыңыз көп па? Достарыңызбен селфиге қаншалықты жиі түсесіздер?


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий