Renzo - отандық эстрададағы жаңа бойз бэнд

#Новости

Осыдан біраз уақыт бұрын Ringo және Ayumi топтарының продюсері Алуа Қонарова өзі таратып жіберген "Juniors" тобының орнын басатын жаңа жобаға кастинг жариялаған болатын. 18 желтоқсан күні бұл жоба дарынды жігіттен тұратын Renzo тобы екені белгілі болды.

Renzo - отандық эстрададағы жаңа бойз бэнд

Жаңа топ төрт жігіттен құралған. Олар Ертаев Жанболат, Жарылқасымов Есет, Жүнісов Ержан  және Ахмет Асқар. Асқар - "Ринго" тобында өнер көрсететін Батыр Байназаровтың туған бауыры. Сонымен қатар ол Алуа ханым өз бетімен таратып жіберген Juniors тобының бұрынғы орындаушысы болғанын естеріңізге сала кетейік.

Жаңа бойз бэндке ат қою қарапайым халыққа бұйырды. 12 желтоқсанда Алуа Қонарова әлеуметтік жүйелердегі өзінің парақшаларында оқырмандарынан жаңа топтың атын қоюды сұрады. Сұраныс сайыс түрінде өткендіктен, бас жүлдені ұтып алған оқырман жаңа топтың жігіттерімен түскі ас ішу құқығына ие болатын. Оқырмандардың ұсынған атауларының ішінде "Сарбаздар", "HERO-батыр", "Cool boys", "Серт", "Шайзар", "WinGO" және тағы да басқа көптеген нұсқалар болды. Адайда, топты жарып шығып, бас жүлдені ұтып алған оқырманның нұсқасы "RENZO" еді. Жеңімпаздың есімі Әсель Ануарбек. "Бүгін осы жігіттермен алғашқы болып танысу мүмкіндігі туды. Өте қуаныштымын. Жігіттердің адамгершілігі бірден аңғарылады. Талантты, креативті, тәрбиелі жігіттер. Ал олардың тартымдылығы бірден көрініп-ақ тұрған шығар. Алуа xанымның жігіттерді таңдауда қателеспегеніне сенімдімін. Жігіттерге тек қана сәттілік тілеймін! Әдемі әндеріңмен xалықтың сүйікті өнерпаздарына айналуларыңа тілектеспін! Ал мен Renzo-ға аз ғана үлесімді қосқаныма қуаныштымын!" деп жазды Әсел өзінің инста парақшасында.

Renzo жапон тілінен аударғанда "үшінші бала" денег ұғымды білдіреді екен.  Бұл топтың алдында Алуа ханымның екі жобасы бар екенін ескерсек, Renzo шынымен де продюсердің үшінші баласы болып тұр.

Инстагам желісінде парақша ашқан топ бір күннің ішінде 11 000-нан астам оқырман жинап үлгерді.

Топтың қоржынында бірнеше ән де бар. Жас, дарынды, жігерлі жігіттер сахынаға шығуға дайын тұрса да, продюсер ханым оларды көктемге дейін үлкен сахынаға жібермейтіні көрінеді.

Әлеуметтің желідегі адамдар Алуаның жаңа жобасы Баян Есентаевадан қалыспаудың тағы бір амалы деген ақпарат таратуда. Алайда, Алуа ханым жаңа бойз бэндке жігіттерді жинап жатқанын "Juniors" тобын таратқанан кейін бірден жариялаған. Ал Баян ханым "Алау" тобын күзде өткен "Жанды дауыс" жобасынан кейін аяқ астынан продюсерлікке алғанын естен шығармайық.

#Алуа Қонарова #жаңа бойз бэнд #рензо #renzo

Загрузка...