Қош бол, Батыр аға

Автор: ARU88
1709 0 Новости
29 сәуірге қараған күні Мәскеу қаласында А-Studio тобының экс солисті Батырхан Шүкенов 52 жасында өмірден өтті. Қабырғасы қайысып, артында қазақ елі қалды.

Ерекше өнерімен қазақ жерін емес, әлемді мойындата білген Батырхан Шүкенов енді арамызда жоқ. Сол күні жеткен қайғылы хабар барша жұртты есеңгіретіп жібергені анық. Түнде өз пәтерінде жүрек талмасынан кеткен әншінің қасында директоры болған көрінеді. Жедел жәрдем шақырғанымен сұм ажал арамыздан алып кетті,- дейді ағасы Бауыржан Шүкенов. Ол алғашқы рейспен Ресейге аттаныпты. Ағасының айтуынша соңғы кездері Батыр денсаулығының сыр беріп, аурып жүрегенін айтқан екен. 18 мамыр күні әншінің туған күні. Тірі болғанда 53 жасқа толып, достарымен дүркіретіп тойлар ма еді. «Джулия», «Твои шаги» секілді әндерін өнер иесінің өз аузынан тыңдай алмайтынымыз өкінішті. Тек қана таспаға жазылған әндерін тыңдау арқылы жұбаныш іздеп, еске алатын боламыз. Бүкіл ТМД, Қазақ жері жүз жылда бір туатын, өнер жұлдызынан айрылып, қара жамылып отыр. Айтпақшы, әншінің сүйегін Қазақстанға жерлейтін болады. Ол мәселені ағасы шешіп жатқанға ұсайды. Қош бол, Батыр аға! Сен біздің әрқашан жүрегіміздесің!

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий