-->

Ораза тұтқан Қазақстан жұлдыздары

#Новости

Елімізде ораза ұстайтын адамдардың саны жылдан жылға көбеюде. Оның ішінде қазақ сахнасының және қоғам белсенділерінің қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, ауызашар беріп, имандылыққа бет бұрып келеді. Бұл қуантарлық жай.

Ораза тұтқан Қазақстан жұлдыздары

Он екі айдың сұлтаны, ең қасиеттісі – Рамазан болса, осы айда күллі мұсылманға парыз етілген ораза – адамзатқа берілген мейірімді мүмкіндік.

Отыз күні ораза тұтып, Аллаға құлшылық еткен пенде күнәлардан құлан-таза айығуға, жаман әдеттерінен арылуға, нәпсісін тәрбиелеуге, кешірімді болуға, өзінің мінезін өзгертуге мүмкіндік алады.

Биылғы Рамазанның оразасы шілденің шіліңгір айында өтіп жатыр. Күні ұзақ, ыстық әрі түні қысқа шілдеде ораза тұтқан өнер иелерінің ішінде Айнұр Тұрсынбаева, Аша Матай, Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Нұрболат Абдуллиндер бар. Жаздың аптаған ыстығына қарамастан биыл ораза тұтқан барша жамағатқа Оразаларыңыз қабыл болсын деп тілейміз.

Досымжан Таңатаров, әнші:

Өзім оншақты жыл болды, оразаны үзбей ұстап келемін. Жұбайым, ұл-қыздарым да ауыз бекіттік. Рамазан – Алланың нығмет мен ырыздық беретін айы. Бұл барша ағайын-туыстың, еліміздің, халқымыздың аман-саулығын, береке-бірлігін тілейтін уақыт.

Әр қазақ Ораза тұтып, жақсы тілек тілесе нұр үстіне нұр болар еді. Аллаға шүкір, өзім білетін, араласатын өнер адамдарының бәрі Ораза ұстайды.

Рамазан Стамғазиев, әнші:

Соңғы 15 жылда қатарынан 12 жыл үзбей ораза ұстадым. Кейінгі 2 жылда белгілі себептермен ауыз бекітуге мүмкіндігім болмады. Биыл да денсаулығыма, жекелеген жұмыстарыма, жол жүруіме байланысты ораза ұстай алмадым. Бірақ менің жұбайым, қызым, шешем биыл ауыз бекітіп, ораза тұтты.

Өзім ораза тұта алмасам да, осы қасиетті айда жетім-жесірлерге, жағдайы төмен отбасыларға көмек беремін. Жылда ауызашар береміз. Ағайын-туыстың басын қосып, дастархан басында өнегелі әңгімелер айтып, бір-бірімізге деген өкпе-ренішіміз болса кешіріп, көңіліміз көкке жетеді.

Келесі Рамазан айына аман-есен жетейік, жүрегімізде иманымыз, Аллаға деген сеніміміз күшейе берсін!

#Аша Матай #нурболат абдуллин #ораза #казахстанские звезды которые держут оразу #рамазан стамгазиев #досымжан танатаров #айнур турсынбаева #сакен майгазиев #макпал жунусова

Загрузка...