Әншілердің өмірі қауіпті ме?

Автор: ARU88
2839 0 Новости
Голливуд жұлдыздарының өмірі қауіп-қатерге толы. Мәселен, Джастин Биберді концерт кезінде біреу өлтірмек болса, сахнада ән салып тұрған Бейонсты құлата жаздағандар табылды. Ал, біздің өнер иелеріне қандай қастандық жасалды?

Қазақстанда қызғаныш пен қастандыққа тап болатын әншілердің бірі- Қайрат Нұртас. Бір кездері басы даудан арылмай, шудың ортасында жүрген болатын. Сол секілді кейбір жұлдыздар да қастандықтың болғанын жоққа шығармайды.

Жақында «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасына сұхбат берген бірнеше өнер иелері өздерінің өмірлері қастандық пен көреалмаушылыққа толы деп жауап берді. «Славян базары» байқауына қатысып, елдің намысын қорғаған Димаш Құдайбергеновтің суына біреулер ұйықтататын дәрі қосып, алдын орағысы келген екен. Арам ойын асырған жанның кім екенін Димаш білмейді, тіпті есіне түсіріп білгісі де келмейді.

Ал, жақында Серікбол Сайлаубектің концертінде өрт шығып, адамдардың барлығы қорыққаннан үстеріндегі киімдерін шешіп, тілсіз жаудың алдын алғанға ұқсайды. Өрттің қалай, неден болғаны белгісіз, алайда қорадағы шөп өртке оранды. Осындай жағдайға тап болған Серікбол, концертінің шұрқы бұзылып, адамдар әбігерге түсті деп есіне алды.

Индира Расылханның айтуынша, шет елдегі қастандық біздің елге де жетіп қалыпты. Әншінің сөзінше той кезінде әлдекімдер микрофонның дауысын өшіріп, ән айтуға мүмкіндік бермейтін көрінеді. Сондай-ақ, бір кеште Меруерт Түсіпбаеваның да сахнада ән шырқап тұрған жерінде музыка өшіп, ұятқа қалған кезі бар.

Өнер иелерінің өмірі ертегі мен ғажайыпқа толы дегендер қателеседі. Себебі, олардың әрбір ізін аңдып, қастандық ұйымдастыратындар әркез табылады.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий