Нұрлан Албан мен Сивидің анасы желілік маркетингпен айналыса ма?

Автор: ARU88
2922 0 Новости
Фейсбук қолданушыларына арқау болған тақырып әншілердің желілік( сетевой) маркетингпен айналысуы болды. Шынымен де елімізге белгілі өнер иелері дәл осы жолмен ақша тауып жүр ме?

Әлеуметтік желіні қолданушылардың бірі Ахметбек Нұрсила желілік (сетевой) маркетингтің арнайы семинарына қатысып, бұл жол арқылы танымал әншілер, оның ішінде Нұрлан Албан бірнеше миллион ақша тауып, Сивидің анасы Анар астына көлік мінген деген МК өкізушінің сөздерін камераға түсіріп алған екен. Фейсбук желісіне түсірілген бейнежазбаны жариялағаны сол еді, көптің пікірі елді таңқалдырды.

Айтуларынша, көптеген жұлдыздар атақтарын пайдалана отырып, мұндай қаптап жүрген желілік маркетингке жарнама жасап пайда тауып жүрген-мыс. Тіпті Өзбекстанның белгілі әншісі Шахзода ірі маркетингтің басшысы екен деген қауесетте бар. Бұл қаншалықты рас? Ақша табудың жолы көп. Бастысы халыққа зияны тимесе болғаны. Айта кететін жәйт, түрлі маркетингтерге талай жұрт алданып, ақшаларынан қағылған дейді. 

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий