Меруерт Түсіпбаеваны мазалап жүрген кімдер?

Автор: ARU88
2300 0 Новости
Үнемі даудан көз ашпайтын Меруерт Түсіпбаева «беймаза тыңдармандардан шаршадым» деп шағым түсірді Фейсбук желісіндегі парақшасына. Соншалықты күрсінетіндей тыңдармандары не жазып қойды?

Әрбір нәрсеге жиі көңілі толмайтын әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева бұл жолы ұятсыз тыңдармандарының іс-әрекетіне қарным ашиды деп налып отыр. Бір-екі күн бұрын өнер иесіне белгісіз бір қыз қоңырау шалып, сахнаға шығу үшін демеуші тауып беруін өтінген екен. Меруерттің танымалдылығын алға тартып, қалталы азаматтардың бірімен бөлісуді тұспалдап жеткізіпті. Ол бойжеткеннің бұлай сөйлеуі әншінің шамына тисе керек, кезінде «Менің еркектерім» деген кітап жазып жатыр деген журналистердің кінәсі дегендей ойын білдірді. Тағы да айта кетейік, Меруерттің жазып жатқан кітабы өміріндегі қымбат жандар туралы, яғни інісі, баласы, бұрынғы күйеу жайында болмақ. Мұны қате түсінген әлгі қыз осындай қадамға барған болу керек. Журналистер мен ақылға қонымсыз өтініш білдіретін тыңдармандарынан жалыққан әнші осылай өкпе-назын ресми парақшасына жайып салды. Әрине, мұндай жаңалықты қалт жібермей қарап отыратын оқырмандар да өз пікірлерін білдірді. Әншінің әдепсіз, сахнада  өзін ұстау тәртібі жоқ болғандықтан, тыңдармандары да солай қарайды деп өзіне кінә тақты.


Загрузка...
Комментарии 0
zhneit

комментарий удалён

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий