Мейрамбек Беспаев ұлды болды

#Новости

Елімізге танымал жұлдыздардың бірі тағы да әке атанды. Оған жары ұл сыйлады!

Мейрамбек Беспаев 
ұлды болды

26-наурыз Мейрамбек Беспаев үшін ерекше күн! Себебі, оның аяулы жары оған ұл сыйлады! Мейрамбек бұл қуанышымен өзінің Инстаграмдағы жеке парақшасында бөлісті. Оған әріптестері де, басқа тыңдармандары да құттықтау айтып жылы лебіздерін жаудыруда. Әнші "Ізгі тілек ниет дұғаларыңызға жүрегіммен алғыс айтамын" деп барша қауымға қуанышымен ортақтасқаны үшін ризашылығын білдірді.

Мейрамбектің Кәусар есімді еркесі енді әпке атанды. Ол да перзентханаға анасы мен інісін көруге әкесімен бірге келген екен. Әзірге сәбидің есімі қандай болатындығы белгісіз. Жуырда бұл құпия да ашылар. Біз Мейрамбекті шын жүректен құттықтаймыз! Баланың бауы берік болсын! Сіз сияқты халқымыздың сүйікті азаматы болсын деген ақ тілегіміз бар!

#мейрамбек беспаев #Мейрамбек Беспаев стал отцом #Жена Мейрамбека Беспаева подарила ему сына #Мейрамбек и его семья #Мейрамбек Беспаев әке атанды #Мейрамбекке жары ұл сыйлады

Загрузка...