Мейрамбек Беспаев электронды бесік алды

#Новости

Жас өнертапқыш жігіт Серікбол Шаймардан Мейрамбек Беспаевтың ұлына смарт бесік сыйлады. Ерекше сыйлыққа ие болған әнші жақсы жаңалығын инстаграм желісіне жария етті.

Наурыздың 26 күні Мейрамбектің ұлы дүние есігін ашқанда бүкіл қазақ болып қуанғаны рас. Әлеуметтік желілер мен арналарда көрсетіп, өнер иесінің телефонына тыным болмағанын өзі де айтқан болатын. Кейін Мейрамбек ұлының есімін Әбухайыр деп қойғанын да парақшасына жазған еді. Араб тілінен аударғанда, " Әбу" "әке" және "хайыр" "қайырымдылық" деген мағынаны білдіреді. Міне, сол Әбухайырға Астаналық өнертапқыш Серікбол  бесік сыйлап отыр. Беспаевтың желіге салған видеосынан смарт тербеткіштен өнер иесінің «Бесік жыры» атты әні орындалатынын естуге болады. Бір кездері электронды бесікті ойлап тапқан Серікбол, ерекше бесіктің тоқпен жұмыс істейтінін және бала жылаған кезде өздігінен тербеліп, Тамара Асар, Қарақат Әбілдина, Майра Мұхаммедқызы, Тоқын Забирова, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева сияқты қазақтың маңдайына біткен әншілердің әлдиі естілетін сөзге тиек етті. Сондай-ақ тағы бір ерекшелігі баланың дене қызуы мен астындағы жаялықтың ылғалдылығын көрсететін бесік ата ана үшін таптырмайтын дүние. Мұны көрген инста оқырмандары ұлы әкесінің әнін тыңдап өсетін болды деп қуаныштарын да жасырмады.

#мейрамбек беспаев #смарт бесік #Серікбол Шаймардан #электронды бесік #Бесік жыры #Әбухайыр

Загрузка...