-->

Мәдина Сәдуақасова ұлды болды

#Новости

Жез таңдай, күміс көмей, халқының сүйікті қызы Мәдина Сәдуақасова ана атанды

Мәдина Сәдуақасова ұлды болды

Еліміздің атақты әншісі, күміс көмей Мәдина Сәдуақасова Әнуар атты ұл босанып, ана атанды. Өмірге шекесі торсықтай ұл тапқан әнші ана мен сәбиінің денсаулығы жақсы. Алматы қаласының перзентханаларының бірінде босанған әншіні өнердегі дос-құрбылары әлеуметтік желі арқылы құттықтауларын жаудыруда. Оның ішінде Алмас Кішкенбаев, Сәкен Майғазиев, Қарақат пен Қыдырәлі Болмановтар да бар.

Естеріңізде болса, әнші биыл ақпан айында Хабар телеарнасының режиссеры Олжас Смағұловпен отау құрған болатын. Олар осыдан 4 жыл бұрын «Таң қалмаңыз» бағдарламасында танысқан. Ол уақытта Олжас режиссер көмекшісі боп қызмет еткен екен. Олжас Смағұлов еліміздің атақты жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың немересі. Олжас Мәдинадан 6,5 жас кіші. Үйлену тойынан кейін Мәдина дәстүрлі «бал айын» емес, «бал жылын» өткізетінін, яғни бұл жылды тек отбасына арнайтынын айтқан болатын.

Мәдина Сәдуақасова — 1999 жылғы «Жас Қанат» жастар байқауының жеңімпазы, «Гүлдер» ансамблі мен Перзиденттік оркестрдің солисті боп қызмет еткен. «Қазақстан Дауысы» жобасының 1-ші мауымында тәлімгер ұстаз болды.

#певица #медовый месяц #әнші #ана #поздравления звезд #мадина садвкакасова стала мамой #мәдина сәдуақасова ана #олжас смагулов #творческая династия #гульдер #президентский оркестр

Загрузка...