MC Сайлаубек орысша реп орындайтын болды

Автор: Aina Dosmakhambet
1152 0 Новости
"Халық репері" атанған МС Сайлаубек өзінің жанкүйерлерін жаңа видеомен қуантты. Алайда, бұл оның жаңа бейнебаянынан үзінді емес, инстаграм парақшада жүктелген бир минуттық видео.

Видеода танымал репер түсініксіз тілде емес, баршаға түсінікті орыс тілінде реп орындауда. Осы ән арқылы Сайлаубек тыңдармандарға өзінің шындық жолында күресіп жүрген адам екенін, байлықты не мансапты қуып жүрген жан емес екенін аузын толтырып айтуда. Одан басқа, репер өнер жолының жеңіл болмағанын айтып, оған сенбеген, шығармашылығын келемеждеген адамдарға "міне, мен көтерілгенде, менің беделім өскенде, сендер қайда тығылып қалдыңдар?" деп, ұран тастады. Ең бастысы, әннің текстінде МС Сайлаубекті танымал қылған "кимана симана камана глет" деген шұмағы да бар.

Бұл репке әнші бейнебаян түсіреді ме? Енді репер түсініксіз тілді реп орындамайтын болады ма? Бұл шынымен де жаңа туынды ма, жоқ әлде инстаграм парақшасына жүктелген хоум видео ма? Сұрақтар көп. Жауаптары уақыт өткен соң анық болатын секілді.


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий