Марат Омаров қызына бейнебаян түсіріп берді

Автор: Жанар Мырзабаева
459 0 Новости
Марат Омаровтың қызы Бибімариям да қазір әнші. Мұны қырағы көзді көрермен байқап жүргені анық. Желтоқсанның алтыншы жұлдызында «Мен қазақтың қызымын» атты әнге түсірілген тырнақ алды туындының тұсаукесер салтанаты өтті.

Әдеттегідей жетіге жоспарланған кеш кешігіп басталды. Себебі, әнші мен оның отбасы келетін қонақтардың жиналуын күтті. «Біз дайынбыз. Дастархан да дайын. Тек қонақтарымызды күтіп отырмыз. Алматының кептелісінің кесірінен кешігіп келетін шығар» деп ағынан жарылды Марат Омаров.

Ендеше, қонақтарыңыз келгенше жаңа бейнебаян туралы сөз қозғайық. Сонымен, бұл қандай әнге түсірілген туынды? «Мен қазақтың қызымын» деп аталатын әнге түсірген Бибімариямның алғашқы туындысы. Жеті жасында Американы бағындырғанын сіздер жақсы білесіздер. Бұл қыздың бойындағы өнер әкенің қанымен келген дарын. Бибімариям ешқашан менен көмек сұрамайды. Өзінің қатысатын байқаулары туралы тіпті, бізге айтпайды. Себебі, егер әкемнің Марат Омаров екенін білсе, маған бәрі жеңілдікпен қарайтын болады. Мен өзім бәріне жеткім келеді» дейді. Байқауларға барған кезде басымызға бас киімді киіп алып, көрерменнің ортасында отырамыз. Ешкім танымау керек, қызым көрмеу керек. Әйтпесе, жылап, барлық көңіл-күйі бұзылады. Міне, осындай дарынды қызыма арнап «Мен қазақтың қызымын» деген ән жаздым. Қай елде, қай жерде болса да қазақ екенін мақтансын деген ой-насихат болды. Сол әнге бейнебаян түсірдік» дейді сазгер.

«Алғашқы бейнебаяным болғандықтан қобалжыдым. Кішкене қорықтым. Бірақ, бәрі сәтті болған сияқты. Менің өнерімді қолдап жүрген ата-анама мың алғыс айтамын» деп балалық көңілін білдірді Бибімариям. Бұл кешке әдеттегідей отандық шоу-бизнес өкілдері ат тұяғы қалыспастан жиналмады.

«Жоқ, ренжімеймін. Қазіргі заман біреуге өкпелейтін заман емес. Мүмкін, әркімнің өз шаруасы шығып қалған шығар. Бірақ, өзімді қай жерге қонаққа шақырса да кешікпей әрі қалмай баруға тырысамын. Себебі, қазақта «шақырған жерден қалма, шақырмағанға барма» деген әдемі сөз бар» деп іштегі өкпесін аз –кем шығарып қойды Марат мырза.  Әншілер қауымы бой көрсетпеген тұсаукесер рәсіміне ақын Иран-Ғайып, әнші Жанар Дұғалованың анасы Рая ханым, Бүркіттің әпкесі секілді аға буын жиналды.

Кеш шымылдығын күмбірлеген домбыра дауысы ашты. Кейін жиналғандар Маратқызының әдемі биіне тамсана қарады. Кейін әрине, көптен күткен бейнебаянның тұсаукесері өтіп, алғаш болып келген қонақтар тамашалады. «Маған ұнады. Ұлттық нақышта түсірілген әдемі туынды екен. Бұған дейін тек тизерін көрген едім. Дәл қазір дән риза болып, көңілім толып тұр» деп қуанышын жасырмады Мараттың тұңғышы Зарина.

Сіңілісін құттықтап келген әнші Зарина Омаровада бұл кеште өзінің жаңа әнінің тұсауын кесті. «Бүгін «Қызым» деп аталатын әнді орындадым. Бұл әнді осыдан он жыл бұрын мен ұзатылған кезде әкем мен анам дуэт ретінде орындаған болатын. Алла қаласа, Бибімариямның ұзату тойында орындаймын деп сенемін» дейді сұлу бикеш.

Және «Спорт жұлдыздары» журналының бас директоры Марат пен оның кенжесін арнайы медальмен марапаттап, мәртебелерін тағы да биіктетті.  

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий