Лұқпан Жолдасов Николос Олсонмен келісім шартқа отырды

Автор: ARU88
1828 0 Новости
Швециядан сүйінші хабар! Белгілі сазгер, әнші Лұқпан Жолдасов жақында әлемдік мегажұлдыздардың әндері жазылған студиямен келісім-шартқа отырды деп, өнер иесінің жары Айғаным Жолдасова инстаграм желісіне жағымды жаңалығымен бөлісті.

Бритни Спирс, Дженнифер Лопез, Хелена Папаризу сынды жұлдыздардың әні жазылған студиямен, яғни  Николос Олсонмен келісім-шартқа отырған Лұқпан Жолдасов алдағы уақытта  әлемге танылмақ. Олай дейтінімз, Испания, Швеция, Грекия еліндегі танымал студияларда әншінің авторлық туындылары қайтадан өңделіп, аты жер жүзіне таныс голливуд әншілердің орындауымен бір үнтаспа жарыққа шығады екен. Тіпті, сол әндердің таралуына Николостың өзі атсалысатын көрінеді. Сондай-ақ, шет елде бейнебаян түсіріледі. Стокгольмге барған өнер иесі тыңдармандарын осылай бір қуантып тастады.

  • Шет елдіктермен
  • қол алысып, келісімге отырды
Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий