Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығару "акциясы" немен аяқталмақ?

Автор: Aina Dosmakhambet
1702 0 Новости
Осыдан бірнеше күн бұрын ұлттық арнада шығатын "Әйел бақыты" бағдарламасының кезекті саны жыныс ауыстыру мәселесіне арналған болатын. Бағдарламаға қонақ ретінде Аруна есімді трансгендерлі жан келіп, өзінің оқиғасын баяндап берген.

Бағдарламаның дәл осы санын көрген отандық журналист Ардабек Солдатбай "Қазақстан" ұлттық арнасының басшылығынан тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап етті. Ардабектің ойныша ұлттық арнада бұндай тақырыпты қозғау  - үлкен қателік. Сол қатені түзеудің бірден бір жолы - бағдарламаның жүргізушісін жұмыстан шығару.

Ұлттық арнаның басшалығына жазған хатында журналист "...азғындықтың ең жоғары көріністерінің бірі қызтекеліктің насихатталып, еркектен әйелге айналған азғынды төрге шығарып қаймана қазақты ауызына қаратқан "Әйел бақыты" бағдарламасы мен оның жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызына қатысты қатал жазалау шарасын қолданып, оны көрермендеріңізге жариялауыңыз керек" деген болатын.

Алайда, бағдарлама эфирге шықпай тұрып, Ләйлә ханым осындай тақырыпты насихаттамақ түгіл, бұндай құбылысқа түбегейлі қарсы екенін өз инста парақшасында айтып өткен болатын: 

"Айтарым бар! Бүгінгі тақырыбымыз - "Қылықты жігіттер". Студияда Аруна есімді қосжынысты кейіпкер. Біздің қоғам "қызтекелікті", Құдай жаратқан жынысын ("Арунаның" кеудесінде имплант) өзгертуді құптамайды. Мен де, біздің редакция да бұл құбылысты насихаттамас үшін, тікелей эфирге шықпай, алдын ала түсірілім жасауды жөн көрдік. Бұл тақырыпты шығарған себебіміз - қоғамда осындай адамдар бар жəне олармен күресіп қана, жамандықтың алдын аламыз. Əрбір ұл өсіріп, қыз өсіріп отырған ата-ана өзінің балаларының болашағына алаңдайтыны сөзсіз. Менің де ұлдарым дұрыс қоғамда өмір сүргенін қалаймын. #менқарсымын#әйелбақыты #бүгін #эфирде

Эфирде айтылған және көрсетілген кез-келген нәрсе үшін жүргізушіні айыптау жаңалық емес. Бұл тек біздің отандық телевидениеде емес, әлем бойынша кең таралған тәжирибе. Ресейлік тележүргізуші Дмитрий Карпачевпен болған оқиға бұған жақсы мысал. Сол кезде СТБ арнасының басшылығының айтқан сөзі бар: "Тікелей эфирдегі ток шоулар жүргізушінің ойын жеткізетін алаң емес, ащы шындықтың бетін ашуға арналған мүмкіндік". Шындықты бетке айту - әр адамның қолынан келеді, ал сол шындықты жеткізе білу - тек таңдаулы адамдарға берілген қасиет емес пе? Біздің қоғамда да Аруна секілді еркектердің бар екенін мойындағысы келмеген көрерменге сол бағдарлама ерекше қатты әсер еткені түсінікті. Бірақ түйеқұстың "мен сені көрмесем, сен де мені көрмейсің" деген ұғымын ұстану қаншалықты дұрыс?

Кезінде әлемге әйгілі американдық тележүргізуші Опра Уинфри дәл осындай сынның астында талай рет қалғаны бар. Алайда, бағдарламаның соңғы санында Опра қонаққа ол кезде президент болуға үміткер Барак Обаманы шақырып, көрермендерге оны мүлде басқа тұсынан таныстырыды. Дәл сол бағдарлама президенттік сайлауда қара нәсілді үміткерге бірнеше миллион көрермендердің  дауысын қамтамасыз етті. 

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий