Әлия Телебарисова тұрмысқа шықты!

#Новости

Қазақстанның жас әрі танымал актрисасы Әлия Телебарисова келін атанды.

Әлия Телебарисова тұрмысқа шықты!

«Жаужүрек мың бала» фильмінің жұлдызы Әлия Телебарисова тұрмыс құрды. Бұл жаңалықпен ол өзінің Instagram парақшасында "Мен енді сүйікті жармын!" деп қуанышымен бөліскен болатын.
Салтанатты үйлену тойы 14 маусымда өтті. Актриса өзіне ақ шілтері көйлек таңдаса, оның құрбылары көгілдір түсті көйлектер таңдапты.

Сүйікті жарының есімін Әлия жарияламауды құп көріпті. Бірақ суреттерден байқап отырғанымыздай, жарының есімі Азамат болып шықты. 
8 маусымда актрисаның ұзату тойы өтті. Ұзатуға Қазақстанның танымал жас актрисалары: Қарлығаш Мұхамеджанова, Аружан Жазылбекова, Кұралай Анарбекова қатысқан болатын.

Әлия Телебарисова: «Сүйікті жарым мені үнемі қолдайды. Сол үшін өзімді бақытты сезінемін. Ол киноиндустрияға еш қатысы болмаса да өнерімді бағалайды".

Жетістіктер: Ташкент қаласында өткен "Маленькая Принцесса" атты халықаралық ән байқауының 1 орын иегері

2005ж. Алматы қаласының "Стань звездой" телевизиялы жобасының 1-ші орнын ұтып алған.

2011 ж «Мисс Алматы» байқауының жеңімпазы

Лос-Анджелес қаласындағы Нью-Йорктік киноакадемиясында "Актерлік шеберлік" мамандығы бойынша оқыған. 

Той үстінде тәтті күндер
тойдан естелік
ақ дастарқан
#алия телебарисова вышла замуж #актриса Жау журек мын бала #мисс алматы 2011 #проводы невесты #карлыгаш мухамеджанова #куралай анарбекова #муж Азамат #подружки невесты выбрали платья бирюзового цвета

Загрузка...