Лидия Каденова әже атанды

#Новости

18 қазан күні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова алғаш рет әже атанды.

Лидия Каденова әже атанды

Бұл туралы Лидияның ұлы Дидар Кәден өз инста парақшасында жариялады. Былтырғы күзде өткен тойдың суретін салып, "Үшеу едік, төртеу болдық! Аллаға сансыз шүкір! Құттықтауларыңызға раxмет! Сүйдім", - деп жазды Дидар.

Дүниеге келген болашақ батырдың салмағы 3600 гр, бойы 54 см. Ана мен бала өзін жақсы сезінеді. Шоу-бизнестегі жора-жолдастары Дидар мен Айымды құттықтап, ақ тілектерін білдіруде.

Естеріңізге сала кетейік, Дидар мен Айымның тойы 2015 жылдың 8 қарашасында өтті. Дидар - жас актер және әнші. Айым Алтынбекова - танымыл beauty блогер.

Comode ұжымы Кәденовтар отбасын бұл мерекемен құттықтап, баланың бауы берік болсын деп тілейді.

#лидия каденова #лидия кәденова #дидар кәден #айым алтынбекова #aechka posh

Загрузка...