KN тігіншілері қазақ әншілерін киіндірді

Автор: ARU88
3558 0 Новости
Бір басында бірнеше кәсібі бар Қайрат Нұртастың тігін шеберханасы елімізге белгілі өнер иелеріне киім тікті. Ол туралы Қайраттың продюсері жеке парақшасында жариялаған болатын.

Жақында өткен есеп беру концертінде Еркін Нұржанов сахналық костьюмдерін KN брендіне арнайы тапсырыс беріп тіктірді. Ақ түсті, ерекше оюлармен көмкерілген киім Еркіннің үстіне құйып қойғандай жарасып-ақ тұр. Сондай-ақ, сол концертке қатысқан әнші Төреғали Төрәлі де Қайраттың тігіншілерінің қолынан шыққан киімді киіп шықты. Алматыдан ашылған KN тігін ательесінде ұлттық, қазақи нақыштағы киімдерді, мектеп оқушыларының формаларын, той киімдерін дайындайды. Сонымен қатар еліміздің барлық жерінен тапсырыстар қабылдайды екен. Тіпті, ол жерде ою өрнекпен таңбаланған көрпе көпшіктерді де тігеді екен. Біле білсеңіз, әншінің сауда орталықтарында тағы жеке дүкені де бар. Инстаграм желісіне Қайраттың анасы Гүлзира Үсенқызы сол дүкенде сатылатын бірнеше киімдердің суретін қалдырып жарнама жасап қойыпты. Мұны көрген кейбір оқырмандар, олардың барлығы Қытайдың арзан киімдері деп жағымсыз пікірлерін білдірсе, ал басқалары тамсанып, қызығып сатып алатындарын жеткізіпті. Жұрт не десе де өзімізден шыққан өнімдерді пайдаланайық.

  • Дүкендегі киімдері
  • Еркін Нұржанов
  • Көрпелер
  • Төреғали Төрәлінің киімі
Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий