Камшат Жолдыбаева тыңдармандарын ренжітті

#Новости

Камшат Жолдыбаеваға ренжіген тыңдармандар әншінің жеке парақшасына өкпе-назын айтып, көңілдері қалғанын жеткізді.

Камшат Жолдыбаева тыңдармандарын ренжітті

Жақында өткен Астана күніне орай ұйымдастырылған концертте ән салған Камшат Жолдыбаеваға біршама халықтың көңілі қалған сыңайлы. Себебі, бүгінде тыңдармандар өнер иелеріне реніштері мен мадақтауларын инстаграм арқылы оңай жеткізуіне болады.

Сол желі арқылы Камшатқа көрермендері концерттен кейін бірге суретке түспей, ешкімге бұрылмастан кетіп қалғанын айтып мәлімдеді. Асыққан бикештің «қазір емес, кейін» деген сөзіне кішкентай бүлдіршіндер де бұртиып қалыпты.

Қара халықтың арқасында көтеріліп, жұлдыз ауруымен ауырады деген олардың сөзіне сенгіміз келмейді. Өйткені  ол уақыт тауып, жанкүйерлерімен естелікке түскен суреттерін парқшасынан көруге болады.

Айтпақшы, Астанаға Үндістаннан келген премьер-министрге үндінің әнін орындап берген Камшат көптің алғысын алыпты. Кішкентайынан сол елдің әнін сүйіп тыңдайтын ол, таяуда «Пиа-Пиа» деп ән шырқап, үнді образында бейнебаян да түсірген еді.

#астана #Астана күні #Камшат Жолдыбаева #Үндістан #Пиа-пиа

Загрузка...