×

Иван Бреусов үйленді!

watches 10996

Оның ғашығы "Lila" тобының әншісі Меруерт Асанова екен.  "Lila" тобы бұрынғы "Бионик" тобының жаңа атауы. Қос ғашықтың үйлену тойына олардың достары, туған-туысы және қызметтестері қатысыпты.  Меруерттің мамандығы - саясаткер. Мектеп кезінде латын, шығыс би үйірмесіне қатысқан. Меруерт 2013 жылы Найля мен Инкараның тобына келіп қосылады. Иванмен кездесулері де осы топқа келгеннен басталыпты.  

Lila

Иван Бреусов "Фабрика звезд-4" ресейлік атышулы жобасына қатысқаннан кейін елімізде де таныла бастады. Бір кездері ол "101" тобынан кетті деген қауесет сөз де шыққан. Бірақ ол оны растаған жоқ. Жеке орындаушылықпен қатар топ құрамында екенін баса айтты.   Иван Бреусов әнші Ділназ Ахмадиевамен ұзақ уақыт бойы жұптасып жүрді. Бірақ 2008 жылы олар айрылысып, екеуі екі жаққа кетті. Қазір Иван Бреусов  продюсерлікпен айналысады. Музыкалық және әлеуметтік жобаларға қатысады. Мәселен, ол жақында ғана "Аялаған Астана" балалар жобасында әділқазы және тәлімгер ұстаз ретінде қатысты.  
 


Загрузка...