Эксклюзив! Серікбол Сайлаубек: Григорий Лепспен бірге дуэт жаздырамын

Автор: aisha007
14748 9 Новости
Анасының лағманын сүйсініп жейтін әнші Серікбол Сайлаубек шығармашылық жоспары, достық, балалық шағы, өнерінен сыр шертеді.

Туған мекені

Алматы облысы Сарқанд ауданында 1986 жылы 17 мамырда дүниеге келдім. Отбасымызда 3 қыз, ұлдан менмін. Үшеуі де тұрмыс құрған. Анам екеуміз тұрып жатырмыз. Анам Жәмиля 58 жаста – құрметті демалысында. Анама иманжүзді келін сыйласам деймін. Мен арулардың сыртқы сұлулығын емес, ішкі жан дүниесін бағалаймын.

Өнер бастауы

Мектепте тарих пәнінен жақсы оқыдым. Уақытымның басым бөлігін мектептегі оқуға емес, өнер көрсетуге арнаппын. 9 сыныпта кәсіби-техникалық мектептер  арасында ұйымдастырылған  әншілер байқауынан АБК тобының  «Айсұлу» әнімен 1-ші орынды ұтып алғанмын. Осы жеңісімнен кейін өмірімді өнермен байланыстырамын деп шештім.   Әншілік қасиетім ата-анамның екеуінен де дарыған деп есептеймін. Екі жақта да кезінде өз ауылына сыйлы, дарынды ақын –жазушылар, әншілер болған екен. Өнер жолымды 2007 жылдан бастадым. Жан жақты іздендім, бүгінде өз стилімді таптым.

Дуэт жайында

Биыл күзде Ресейлік сахнада өзіндік орны бар, атақты әнші Григорий Лепспен бірге қосылып дуэт жаздырып,  бейнебаян да түсіреміз. Өзім Григорийдің жанкүйерімін. Ән 2 тілде, яғни қазақша-орысша аралас орындалады. Ән әзірге таңдалу үстінде.  Екі елдің татулығын, бірлігін жырлайтын бұл еңбек халыққа ұнауы тиіс.

Ел болатын ел бірін бірі батыр дер

Қоржынымда «Есіңде ме?» және «Ұлы дала» атты  2 бейнебаяным бар, жақын арада теледидардан көрсетіледі. «Ұлы далада» -  қазақтың кең дархан даласын көрсеткім келді. «Ең сұлу» және «Жүрегім» әндеріме қазір бейнебаян түсіріп жатырмыз. Оны күзге дайындап отырмын. «Ұлы дала»ны  туған жерім Сарқанд ауданындағы Аманбөктер тауында түсірдік. Бейнебаянымның режиссеры  Данияр Меңкенов. Аты шыға қоймаған режиссермен жұмыс жасауды құп көрдім. Өнерге жаңа есімдер сыйлауымыз керек. Еңбектерін танытуымыз қажет. Атышулы режиссерлар онсыз да атақты. Әйтпесе Ресейде, Өзбекстанда бейнебаян түсіруге шамам бар. Бірақ қазағымыздың дарынды жас режиссерлары тұрғанда шетелдікін қайтеміз. Өсемін, көремін деген баланың бетінен қақпау керек.

Жігітке 7 өнер де аз

Өзім ән жазамын, ақындығым да бар. Сахнаға жаңадан шыққан жас әншілер әндерімді орындап жүр. Өз стилімдегі ән іздегенімде атақты  ақындар менің көңілімнен шығатындай өлең жазып бере алмады. «Өлеңді  өзің жазып көрші» деп кеңес берді. Жазып көрдім, ұнады. Өз әніме өзім өлең жаза алатыныма көзім жетті. Досым Қалмырзаев, Мақсат Жәутіков деген белді азаматтармен бірлесіп ән шығарып, өлең жазамыз. Бұл топтық жұмыс.

Өмірден түйгенім

Бүгінде көз жеткізгенім бұл дүние жалған,адамдар бір бірімен сыйласып өту керек екен.  Адам баласына ең бастысы – иман қажет. Иманымды нәрлендіру үшін мешітке барып имамның уағызын тыңдап, үлкен кісілермен сырласамын. Содан жаным ләззат алады. Ата- бабаларыма құран бағыштаймын.

Достық жайлы бірер сөз

Нағыз достық қазіргі таңда аз кездеседі. Өз пайдасын көксеген амал достарым бүгінде қасымда жоқ. Жан досым деп Данияр бауырымды атай аламын. Екеуміз айлап кездеспесек те, бірақ тығырыққа тіреліп, көмегі қажет болғанда жанымнан табылады.  Ұлты татар, тілі орысша болғанымен бір бірімізді жақсы түсінеміз. Осындай достықты қатты бағалаймын.

Ұстанымым

«60 жыл ат болғанша, 6 күн айғыр бол», «Болашақпен өмір сүр де, бірақ өткеніңді ұмытпа» деген өмір қағидасын ұстанамын.

  • Сүйікті асы – анасының лағманы
  • Сусыны – суық шай
  • Армандаған көлігі - Porsche Panamera
  • Ақшасы бітсе –  таксист болса да ақша табады.  Жұмыстың ұяттығы жоқ


Фототүсірілім интерьерін ұсынғаны үшін Меланж мейрамханасына алғыс білдіреміз
Мекен жайы;  5 ықш., 12А үйі,  Абай  даңғ-нан төмен (Алтынсарин к-нің қиылысы)

  • +7 (727) 303-77-77
  • ұялы тел: +7(701)555-51-99    +7 (777) 555-51-99
  • e-mail;     melange-melange@mail.ru
Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 9
4inara

Не знаю кто это, да и не зацепил как личность

Жулдыз Какенова

Менде танымайды екенмин бул жигитти.

aisha007

Қазақ сахнасына енді шыққан жас әнші, жаңа есім. Өзін таныту үшін, Григорий Лепспен дуэт жаздырмақ.

lejla-yakubaeva

не понимаю о чем написали))

aisha007

еще раз прочтите, возможно поймете))

БИБАТИМА

уау! Лепс деген крутой адам ресейликтер ушин, онымен ан жаздыру ушин Серикболдын калтасы да калындау шыгар)) козилдирикти неге шешпейсиз артист мырза

жадырра

что может быть вкуснее маминой еды, особенно лагмана, ням няма
если дуэт с Лепсом будет , вскоре и на Порше своем ездить будешь

Эля777

Серикбол Сайлаубекке тилерим Лепспен хитовый ән жазып, осындай қазақтың әншісі бар деген аты шықсын.

gauhartas

«60 жыл ат болғанша, 6 күн айғыр бол», классно сказано

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий