Динара Қырықбаева тұрмысқа шығады

#Новости

Динара Қырықбаева күйеуге шыққалы жатыр. Парақшасында сүйіктісінің салған сақинасын көрсетіп, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Динара Қырықбаева тұрмысқа шығады

Осыдан бір ай бұрын Динараның жігіті туралы жазған едік. Сүйіктісінің бет-әлпетін көрсетпегенімен, оның берген сыйлықтарының суретін жария етіп жүрген болатын.  Енді, міне Динара ұзату тойының шақырту билетімен мен жігітінің салған жүзігін көрсетіп, келін болатынын мәлімдеді. Инстаграмдағы ресми парақшасында жағымды жаңалығымен бөліскен әншіні достары құттықтап, ыстық ықыласқа толтырды. Әзірге күйеуі жайында ақпарат беруді құп көрмеген Динараның тойы қашан болатыны белгісіз. Бастысы бақытты болып, махаббаттары баянды болсын!!! Құтты болсын!!!

Қыз ұзату билеті
#свадьба #Динара Қырықбаева #Қыз ұзату билет #Той жүзігі

Загрузка...