Дилани "Ритм города"

Автор: aisha007
2693 1 Новости
Қазақстандық рэпер Дилани «Ритм города» атты фильмге түсуде. Фильм режиссеры Тұрсын Құлахметов.

Фильмнің басты идеясы – қазіргі жастардың тұрмыс-тіршілігін көрсету болды.

Режиссер: Сүйісу, жыныстық қатынас, нашақорлық, алкогольді ішімдіктерді түсірмейміз. Тек жастардың жақсы жақтарын ғана, қымбат көліктерді жарыстырамыз. Өзім әйгілі Форсаж фильмін жақсы көремін. Фильмде Lamborghini мен Nissan 350z секілді спорткарлар болады. Кинотуындының бюджеті – 3,5 млн АҚШ долларын құрады. Бұл кинолентада Диланидан өзге Ринат Малцагов, Дарья Александрова, Мұрат Оспанов пен Ербол Аймашевтар түседі. Фильмді 2015 жылдың көктемінде көрсетеміз деп ойлаймын.

Режиссердың өзі қымбат көліктерді, олардың бір бірімен жарысуын жаны сүйеді екен. Бұл тақырып жанына жақын болған соң осы фильмді түсіруге түрткі болыпты.

Фильм сценариіне қысша тоқталсақ, балалар үйінің түлегі Руслан (Ринат Малцагов) ересек өмірге қадам басады. Ол автосалонға қызметке тұрады. Онда ол қалада түнде көлік жарысын ұйымдастыратын 1 топ жігіт пен қыздармен танысады. Бас кейіпкер олармен етене достасады. Фильм барысында Русла қиын жағдайлрды бастан кешіреді. Бірақ бәріне төзіп ақыр аяғында ол өзіне адал достар мен туған туысын табады.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 1
Sayuri

Вахахахааха

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий