Бейбіт Сейдуалиева өмірге егіз ұл әкелді

#Новости

Сүйінші хабар инстаграм желісінен келіп түсті. Елімізге белгілі жұп Тоқтар мен Бейбіттің әулетінде қуаныш жаңалық. Жары Бейбіт Тоқтарға егіз ұл сыйлады.

Бейбіт Сейдуалиева өмірге егіз ұл әкелді

Жақында әнші шекесі торсықтай егіз ұлды өмірге әкелді. Жағымды жаңалықпен бөліскен  өнерлі отбасының достары мен әріптестері әлеуметтік желіні біраз шулатты. Жылы лебіздерін білдірген ағайын, Тоқтар мен Бейбітке жаратқанның еселеп берген сыйына құтты болсын айтып, еліміздің үлкен азаматы болуына тілекші екендерін жеткізді. Беколжастың артынан ерген егіз інілері мен анасының жағдайы бір қалыпты. Үш бірдей ұлды жарық дүниеге әкелген өнер иелеріне тек отбасылық бақыт пен шаттық тілейміз.

Тоқтардың достарына алғысы
#егіздер #Тоқтар мен Бейбіт

Загрузка...