Бауы берік болсын: Нұржан Керменбаев пен Ғаділбек Жанай әке атанды

#Новости

Ақпан айы қазақ әншілері үшін береке мен мерекеге толы болды. Жаңа ән, бейнебаян, жаңа фильм, тіпті, әртүрлі марапаттар да бұл айда өз иелерін тапты. Ал, ең бастысы Ғаділбек пен Капкарашканың шаңырақтарында шілдехана тойға дайындық басталды.

Иә, тек өнерде емес, өмірде де дос, бауыр, көрші Нұржан Керменбаев пен Ғаділбек Жанай үшін бұл ай жемісті болды. Өйткені, қос көрші қыстың соңғы айында тағы да әке атанды. Естеріңізде болса, 17-ақпан Капкарашканың туған күні болатын. Әншінің жеке меншік мерекесіне сүйіктісі ұмытылмастай сый жасады. 18-ақпан күні дүниеге келген сәбиінің есімін Керменбаев Омар деп атаған. Ал, тұңғыштарының есімі – Мүслім.

Керменбаевтың қуанышы көршісіне жұғысты болғандай. 19-ақпан күні Ғаділбек үш дүркін әке атанды. Оған жары Ақмаржан Муслима есімді ханшайымды сыйлады. Жеке өмірін ешкімге көрсетпейтін әншінің Қарақат есімді қызы мен Алдияр есімді ұлы бар екенін бірі білсе, енді бірі біле бермесі анық. Өнерде ойып алар орны бар әншілердің жағымды жаңалықтары өзгелерге жұғысты болып, кішкентайларының бауы берік болсын деген тілек білдіреміз.

#ғаділбек жанай #Капкарашка #Арнау #Нұржан #Керменбаев #керек екенсің

Загрузка...