Баян Есентаева қыздарын қызғыштай қорғады

Автор: ARU88
3344 0 Новости
Үнемі желідегі оқырмандарымен дауласып қалатын продюсер Баян Есентаева бұл жолы да инстаграмдағы достарына қарсы ашық шайқасқа шықты. «Лашын» тобының стилі жоқ дегендерге жауап ретінде өзінің назын айтты.

Бұл өмірде идеал деген ұғым жоқ. Себебі, бәрі де қателесіп, сүрініп жатады. Десе де сын айтып, мін таққыштар көп. Сондай оқырмандардың пікірі Баянның шамына тиген болу керек, желі арқылы датын айтты. « Жұрттың бәрінің көңілінен, талғамынан шығу мүмкін емес. Сыншыл, міншіл, күншілміз енді амал жоқ. Дегенмен айтарым бар, датым бар, назым бар. Бұл жолы Лашын жайлы. Сонымен менің оқырмандарым бұл топтың стилі жоқ, бір-біріне ұқсайтын клип түсіреді дейді. Шынымды айтсам мен түсінбейм сіздерді. Жоғарыдағы коллаж сіздерге арналады. Айырмашылықты қараңыздар! Соңғы ктүсіріліп жатқан клипке келсек, костьюмдердің авторы Айя Бапани, бұл эклектика, яғни шебердің көзімен жасалған қазақы образ. Бастарындағы темірдің негізі «сауыттан» алынады. Қазақтың талай батыр қыз шыққанын, сауыт кигенін ұмытпайық! Жалпы айтарым көп...»  Бірнеше күннен бері «Лашын» тобы «Жаса туған жер» атты туындыға бейнебаян түсіріп жатыр. Режиссер «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан. Топтың түсірілім барысындағы суреттерін жариялаған Есентаеваның оқырмандары қыздардың үстіне ілген киімдеріне қарап стилі жоқ деген болу керек. Міне, соны көріп ашуға булыққан продюсер ханым инстаграмды пайдалана отырып жауап қайтарды. 

  • Әр түрлі стилде
Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Полина353

комментарий удалён

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий