Қазақ жұлдыздары Түркияда

Автор: ARU88
3344 0 Новости
Жаз бастала сала, қазақ жұлдыздары шет елге барудан жарыса түсетіні анық. Біреуі Еуропаны таңдаса, енді бірі Азияның тропикалық мекеніне аттанады.

Көктем айында тұрмысқа шыққан «Қазақстан аруы-2013» байқауының жеңімпазы Айдай Исаева жұбайымен бірге Түркия еліне кетті. Суреттерінен Айдайдың аяғы ауыр екенін көрген желідегі оқырмандары біраз уайымдап, ұшаққа отыру қауіпті екенін ескертті. Алайда, өзге елге демалуды жоспарлағанына қарағанда, алаңдайтын негіз жоқ сияқты.

Көңілді әндерімен жұртқа жағып жүрген Серік Ибрагимов те Түркияның Анталия қаласына демалуды жөн санапты. Бірақ, әнші жалғыз емес. Жанында продюсері және оның отбасы бар. Жерорта теңізінің жағасында, күнге күйіп, құмға аунаған Серіктің алған әсерін суреттеріне қарап білуге болады.

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан да қызымен жазғы демалысын осы елде өткізіп жатқан жайы бар. Ашық теңізде қайықпен жүзген Динара, бірнеше суреттерімен бөлісті. 

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
atuar

комментарий удалён

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий