Қазақ әншілері Дубайда!

Автор: ARU88
3749 0 Новости
Туристер үшін Дубай эмираты естен кетпес жер болып табылады. Бүгінде ауа райы жайма шуақ болып тұрған Дубайға демалу үшін әр жерден адамдар ағылып келеді. Сол сияқты біздің де кейбір қазақ әншілер сол жақа аттанған болатын.

«Жігіттер квартеті» мен олардың продюсерлері Ерғали Әбдірайымов араб жерінде демалып жүргеніне де біраз күн болды. Олардың түскен суреттеріне қарап, олардың бірнеше эмиратта болғанын білуге болады. Сондай ақ әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі саналатын Абу Дабидегі «Заид» мешітіне де бас сұққан екен. Әрбір қыдырған орындарын естелік ретінде инстаграм желісіне сағат сайын салып отырған өнер иелері алған әсерлерімен бөлісті. Тіпті зулайтын аттракциондарға отырған әншілер, қорқыныштарын да жасырмады. Тағы бір айта кететін жәйт продюсер Ерғали инста достары үшін байқау жариялап үлгеріпті. Егер кімде кім, Ерғалидің парақшасына қосылатын болса, сыйлыққа ие болады. Әрине, ол өзіне ұнаған оқырманын таңдап, Дубай жерінен сый әкеліп беруге уәде берді.

  • Жүректері дүрсілдеп тұрған уақыты
  • Ерғалидің оқырмандарына алған сыйлығы

Жақында шаңырақ көтерген Әлішер мен әнші Айдана да бал айын Дубайда өткізуді дұрыс деп тапқан сияқты. Төрт күн бұрын сол жерге ат басын бұрған жастар, Дубайдың ең көрікті жерлерін аралап үлгеріпті. Мәселен, суреттен түрлі қимылдар жасап билейтін фонтан мен ең үлкен орталық сауда үйін көруге болады.

  • Дубайға ұшқалы жатқан кезі
Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий