Асхат Тарғын екінші рет әке атанды

Автор: Жанар Мырзабаева
334 0 Новости
Тойдың хитмені болып, бәрін «чип-чип» деп билеткен Асхат Тарғын тағы да әке атанды. Әнші екінші некесінен ұл сүйіп, ғаламтор арқылы күллі қазақ елінен сүйінші сұрады. Менде жерлес ағама қоңырау шалып, құттықтауымды білдіріп, қызықты ақпараттар сұрап үлгердім.

Асхат Тарғын екінші рет әке атанды. 26-қараша таңғы 7:00де дүние есігін ашқан сәби мен жас ана Әлияның жағдайы қазір керемет. Әзірге олар перзентханада. «Түнгі 00:00-лерде перзентханаға апарып тастадым. Үйге келіп таңға дейін көз ілмедім. Әр екі сағат сайын әйеліме, қасындағы серіктес болып кірген дәрігерге қайта – қайта қоңырау шалып, хабарын білуге тырыстым. Бірақ, 7:00-ден кете телефон соқсам, екеуі де жауап бермейді. Біраз күтіп, сосын шыдамай перзентханаға бардым. Кірген кезде дәрігер звандап «ұлды болдыңыз» деп сүйінші сұрады» деп қуанышын жасырмады әнші.

Әзірге кішкентай батырына Асхат әке сай келетін есім таппай әлек. «Ұлымның салмағы 2785грамм, бойы 51 сантиметр. Әзірге есімін қалай қоятынымды білмеймін. Ауылдағы әке-шешемізбен ақылдасып отырмыз. Бірақ, мағынасы терең, әдемі есім қоямын. Себебі, адамның есімі мен тағдыры өзара байланысты дегенді көп естідім. Айтпақшы, ұлымның кіндік әке-шешесі өзімнің өнердегі бауырым, өмірдегі жанашырларым «Тамашаның» бұрынғы актері Бауыржан мен оның жары болады деп таңдау жасадық». Сондай – ақ, бақытты әке ер адамның серіктес болып кіруіне үзілді-кесілді қарсы. Бұл туралы өзі былай деп ағынан жарылды: «Меніңше, ол біздің менталитетке жат. Әйелімнің қасына серіктес болып өзінің гинеколог дәрігері кірді. Бұған дейін тоғыз ай әйелімді бақылаған ол кісіге де айтар алғысымыз бен сыйымыз бар».

Айтпақшы, бірінші некеден Асхаттың бір қызы бар. Жасөспірім сұлу қуанышты жаңалықты жақсы қабылдапты. «Бұған дейін қызым жарымның аяғы ауыр екенін білетін. Әйелім екеуі өзара жақсы сөйлесіп, тіл табысып кетті. Бүгін ұлды болғанымды қызыма өзім телефон соғып айттым. Ол да аналары бөлек болса да, әкесі бір бауырын жақсы қабылдап, қуанды. Алла қаласа, екеуі бір-біріне демеу болатын ұрпақтардан болады деп сенемін» дейді Асекең. Бізде әншінің кішкентайының бауы берік болсын деп тілейміз.


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий