Аша мен Арманның тойы қашан?

Автор: ARU88
11147 0 Новости
Бір-бірін сырттан емес, өнерден тапқан Аша мен Арманның неке тойын жырлап жүргенімізге де біраз уақыт болды. Осы уақытқа дейін кездесіп жүргендерін жасырып келген қос ғашықтың биыл үйлену тойы болмақ.

Соңғы бір жыл бойы көптің аузында жүрген Арман мен Аша отау құрмақ. Десе де қыздардың арманына айналған Арманның жанкүйерлері үшін қуанарлық жағдай емес. Сұрағандарға, тек «доспыз» деп жауап қайтаратын қос ғашықтың шындығы жақында ашылатын болады. Аша Матай бір сұхбатында күйеуінің өнер адамы болғанын әкесі қаламайтынын айтып қалған еді. Содан болар, әлде басқа ма, араларындағы жақын байланысты жасырып жүрді.

Алайда, олардың үнемі бірге жүретінін байқаған тыңдармандары, оларға бақыт тілеп, жарасымды жұп екенін жасырмады. Тағы бір айта кететін жәйт, әншілер «Жараламағың» деп аталатын әнді өмірге әкеліп, дуэт болып өнер көрсетпек. Кейінгі кездері Аша желідегі парақшасына сурет жариялауды азайтыпты. Оған ол былай деп түсіндірді. «Мені жоғалтып алмадыңыздар! Мен бармын. Тек қарбаласып, дайындық үстіндемін. Сондықтан көп сурет жариялап жүрген жоқпын. Өздеріңізде таяуда білетін боласыздар» деген сипатта жазба қалдырған еді. Ендеше дүркіретіп өтетін тойды асыға күтеміз!

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий