Аша Матайға сырға салды

Автор: ARU88
17315 1 Новости
Осы уақытқа дейін Аша мен Арманның неке тойы болатынын хабарлаған болатынбыз. Алайда, тойдан бұрын қазақтың бітпейтін алыс-беріс салт-дәстүрі тағы бар. Сенбі күні Ашаға Арманның туыстары сырға салды.

Әншінің нағашы әпкесі Баян Есентаева желідегі парақшасына жігіт жақтағылардың қызға сырға салып, дастархан басындағы қонақтардың суретін жария етті. Сондай-ақ, мата жыртып, құдағилардың өзара бөліскендерін де салуды ұмытпапты. Осыдан бірнеше ай бұрын Арман үйлену туралы ұсыныс білдіріп, Ашаның келісімін алған болатын. Араларындағы жақын сезімдерін көпке жасырып келген жастардың неке тойы 25-қыркүйекте аталып өтпек. Айтпақшы, Аша инстаграм желісіне жақында болатын ұзату тойының билетін көрсетіп, оқырмандарының жылы лебіздеріне қарық болды. Аша тойға келетін бірнеше қазақ әншілеріне шақырту жіберіпті. Ендеше Арман мен Ашаға бақыт тілеп, махаббаттары баянды болсын демекпіз!!!

  • Сырға салу
Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 1
Медовая

платье какое то несерьезное для такого серьезного мероприятия

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий