Артур Төлепов үйленеді

Автор: Жанар Мырзабаева
662 0 Новости
«Мыңбала» тарихи кинокартинасынан кейін ағайынды Төлеповтердің Асылханы киноәлемінен алыстап, депутат атанса, үлкені өнерге білек түріп кіріскен. Осыдан бірнеше жыл бұрын Артур Жанна Абуовамен бірге жұмыс жасап, әнші атанды. Алайда, келісім – шарт ұзаққа созылмады. Продюсермен Артурдың арасын ала мысық кесіп, бөлек кетті. Одан кейін сері телехикаяларға түсіп, актерлігін шыңдады.

Ал, қазір Артурдың шығармашылыққа көңіл бөлуге мүлдем уақыты жоқ. Өйткені, Төлеповтердің тұңғышы тойға дайындықты бастап кеткен. Мың қыздың ішінен Мәдина есімді аруды таңдаған Артур ақпан айының 20-шы жұлдызы күні сүйіктісіне сырға салады. Ал, той жаз маусымына жоспарланып отыр екен. Тойдың ауылы алыс болмаса да, Артур өнерден алыс сүйіктісін көпшілікке көрсетуге дайын емес.

Естеріңізге сала кетейік, Асылхан Төлепов 7-қараша күні Айсұлу есімді арумен шаңырақ көтеріп, үлкен той өткізді. Аталмыш той үстінде, барлық жиналған қонақтардың алдында ағасы Артур да өзінің сүйіктісіне «тұрмысқа шығу» туралы ұсыныс жасады.

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий